Өңіріміздің інжу маржаны. Жылда туристерді өзіне баурайтын Баянауыл мемлекеттік табиғи ұлттық паркіне биыл 40 жыл. Осы ретте салтанатты мерекелік шара ұйымдастырылды. Толығырақ тілші сюжетінде.
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі елімізде алғаш ашылған парктердің бірі. Биыл құрылғанына 40 жыл. Аумағы 68 мың гектарды құрайды. Демалыс аймағына келіп, демалатындар қатары жыл санап артып келеді, дейді парк басшысы.
Алмас Жұмашев, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры
Бүгінгі күні келушілер саны да, қызығушылық танытатын адамдардың да, туристер өте көп. Былтырғыға қарағанда халықтың саны екі есеге көп деп айтуға болады. Себебі былтыр 110 мыңнан аса, биыл 200 мыңнан аса адам келіп кетті. Әйгілі Жасыбай, Сабындыкөл көлдері бар слнда келеді. Флорасы мен фаунасы бар.
Табиғи парктің жағдайы жақсарып келеді. Өрттің алдын алу мақсатында 360 градус жан-жақты қамтитын орталықтандырылған бейнекамералар орнатылады. Тәулік бойы операторлар жағдайды бақылап отырады.
Алмас Жұмашев, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры
Биылғы жылы Алла қаласа мына өртті ерте анықтау жүйесі қойылады. 8 мұнара вышкалар қойылады. Бұл біздің өрттің алдына ал анықтауға мүмкіндік береді. Тез әрі тиімді. Әсіресе қолжетімсіз, труднодоступный жерлерге баруға қажет. Барлығы көрініп тұрады. Жылдың аяғына дейін орнатулы керек. Техникаларымыз көбейіп келеді. Үлкен малолесопожарный техникалар келіп жатыр. 8 өрт сөндіру автокөліктері келеді. Патрульдік кешендерге байланысты автокөліктер де келіп жатыр. Жаңартылып жатыр ұлттық парк жағдайы.
Баянауыл ұлттық табиғи паркінде 11 өрт сөндіру кешені, 6 автокөлік, 14 патрульдік кешен, 8 трактор және 111 адам жұмыс істейді. Табиғи парк құрылғаннан әр кезеңді бастан кешті. Сол сәттерге куә азаматтар естеліктерімен бөлісті.
Темірболат Арыстанбеков, Баянауыл ауданының тұрғыны
Мен енді осы ұлттық паркте құрылғанынан бастап жұмыс істеп жатырмыз. Ең бірінші Орманшы болып қызмет атқардым. Ұлттық парк құрылғалы бес директормен жұмыс істедім. Зейнетке шыққанға дейін осында қызмет атқардым. Алғашқы кездерде ұлттық паркте техника аз, болған жоқ. Қазір міне жақсарып келеді. Әр орманшыда мотоцикл, бір бір көлігі бар. Жаңалары да Келіп жатыр.
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 40 жылдығына орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Жылдар бойы орман саласына үлес қосқан азаматтар марапатқа ие болды.
Самал Қалиқызы