Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары полиция департаментімен бірлесіп, рейд ұйымдастырды. Олар облыс орталығына қарасты Атамекен кентінде әлеуметтік осал, көпбалалы отбасылардың үйлеріне барып, өрт қауіпсіздігі ережелері жайында түсіндірді. Одан кейін улы газ иісін ерте анықтайтын датчиктер орнатты. Толығырақ бірлескен шараға қатысып қайтқан тілшіміз Әйгерім Тоқпанқызының әңгімесінде.

Жұмыла атқарған іс алдымен екі құрылымның алдына қойған міндеттерді айқындайтын жиыннан басталды. Мамандар тапсырма алып, ауыл көшелеріне жөнелді. Бұндай шараның мақсаты жылыту маусымы кезінде тілсіз жаумен күресіп, оны алдын алу. Бірінші болып біз көпбалалы отбасына бардық. Бұл жанұяда 4 бала өсіп келеді.

Бұнда құтқарушылар улы иісті ерте анықтайтын құрылғыны орнатып, ата-анасына өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірді. Бұдан кейін ауылдың шетінде орналасқан үйлердің біріне бардық. Бұнда осал топтағы азаматтар жиналып отырады екен. Үй тұрғындары қауіпсіздік ережесін жүргізбейді екен. Пештің есігі жарылған, ал оның маңайында жылдам жанатын заттар жатыр.

Бұнда да мамандар тек ескерту жасады. Ол одан соң біз сақшылармен көпбалалы отбасылардың біріне соқтық. Бұнда 6 бала тәрбиеленеді. Тек атаулы әлеуметтік көмекке қарап отырған жалғызбасты ананың пеші жарылған.

Өрт сөндірушілер пеш ақауын жөндеу керек екенін айтты. Өйткені бұл өте қауіпті. Бұнда да дабыл қағатын құрылғы орнатылды.

Бірлескен рейдте тәртіп сақшылары өз кезегінде осал топтағы азаматтармен жұмыс жасап, қоғамдық тәртіп жайында түсіндірді. Себебі заң бар жерде тәртіп бар.

Айта кетейік облыс орталығына қарасты Атамекен кентінде он мың 400 азамат тұрады. 2508 жеке үй бар. Оның ішінде 37 отбасы осал топтағы азаматтар. Күш құрылымдары бұндай ортақ шараны тұрақтв негізде өткізуде жоспарлап отыр.

Әйгерім Тоқпанқызы