Павлодарда халық қаһарманы Бақытжан Ертаев пен және өзге де елімізге танымал Еңбек Ерлерінің қатысуымен конференция өтті. Онда елдің мұрат жолында еңбек ету, жастарды отаншылқы сезімге баулу жөнінде кеңінен әңгіме өрбіді. ТОлығырақ тілшіміз баяндайды.
Қадірлі қонақтарды Павлодар жұртшылығы сән-санлатанпен, қазақы жол мойынша шашу шашып қарсы алды. Баршасы да танымал ел ағалары. Әр түрлі салада еңбек етіп, мемлекеттің өркендеуі жолында тер төккен ардагерлер.
Айгүл Мәлікова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Ата-бабамыздың қайсарлығы біздің бірлікке, елдікке, отанды сүюге үндейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомрат Тоқаев халыққа жолдауында: « Біз кеше кім болғанымызды ұмытпаймыз, төл тарихымызға құрметпен қараймыз, ал болашақта кім болатынымыз өзіміздің қолымызда екенін жақсы түсінеміз» деп айтқан еді. Сондықтан, халқымыздың батырлық дәстүрі елдігіміздің темірқазығы деп атап өткім келеді.
Құрметті қонақтар қатарында халық қаһарманы, генерал-лейтнант Бақытжан Ертаев бар. Ғұмырын әскери салада, елге қорған болу жолында өткізген ол жиында Отанды сүюдің қандай бақыт екендігі жөнінде ойын ортаға салды.
Жиынға халық қаһарманымен қатар Еңбек Ерлері де қатысты. Солардың бірі Тұрсынбек Мақышев Қарағанды облысының Сәтбаев қаласынан. Ол жиналғандарға еңбектің маңызы жайлы айтты.
Артынша қонақтар Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» мектебіне барып ондағы әскери-спорттық ойынның ашылу салтанаты қатысты. Генерал-лейтенант оқушылар алдында сөз сөйлеп, ақ жол тіледі.
Бақытжан Ертаев, Қазақстанның халық қаһарманы
Отанға қызмет ету, Отан алдында ант ету ұлы абырой. Бұл әркімнің маңдайына жазыла бермейді. Нағыз ерлердің ісі. Сондықтан, елге әрқашан қызмет ету керек. Бұл істі әрбір ер аамат өзінің парызы деп білуі керек.
Ел ағалары мектептің тыныс-тіршілігімен де танысты. Артынша оқушылармен кездесуп, тағылымды ойларын ортаға салды. Болашақ сарбаздарға бата беріп, сәттілік тіледі.