Жасанды интеллект және жұмысшы мамандықтар. Осындай тақырыпппен студенттерге арналған шеберлік сабағы өтті. Онда білім алушыларға өз мамандықтарына сай жасанды зердені қалай қолдануға болатындығы туралы мағлұмат айтылды.
Жиналғандар алдымен ақпараттық технологиялар колледжі базасындағы зертханалармен танысты. АйТи әлемінде жасалып жатқан жобалармен, атқарылып жатқан жұмыстармен, технологиялық мүмкіндіктерді көрді. Шара мақсаты жасанды зерденің адамға көмекші, қажет болса сенімді серік екендігін түсіндіру дейді ұйымдастырушылар.
Шеберлік сағаты аясында жасанды интеллектінің негіздемесі түсіндірілді. Қолданыстағы көптеген версиялары туралы да ақпарат айтылды. Қатысушылар ХарактерАй жасанды зердесі арқылы нақты іс әрекеттерді де жасап көрді.
Жасанды интеллекттің мүмкіндігі мол. Дұрысынан қолдана білген адам көптеген жетістіктерге қазірден бастап жетіп жатыр. Жауапкершілігі де шаш етектен. Ұйымдастырушылар осындай шаралар арқылы жастарға көптеген мәселерде дұрыс жол сілтеуге болатындығын айтады.
Жанасыл Серікбол