Биыл облыстық «Соманг» кәріс этномәдени бірлестігінің құрылғанына 35 жыл толды. Осыған орай Достық үйінде салтанатты жиын өтті. Шараға Корея елінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің өкілдері қатысты. Кеш барысында этномәдени бірлестік өкілдеріне сыйлықтар табысталып, белсенділер марапатталды.

Кәріс этномәдени бірлестігі 1990 жылы құрылды. . Ол кезде алғашқы қауымдастық құрылып, түрлі кезеңдер мен өзгерістерден өткен. Қиындықтарға қарамастан, бүгінде «Соманг» бірлестігі қарқынды дамып келеді. Олардың K-pop фестивальдері республика көлемінде танымал. Мерейтойға орай Елшілік кеңесшісі Ку Бон Чхоль арнайы келді.

Ку Бон Чхоль, Корея елінің Қазақстан республикасындағы елшілігінің кеңесшісі

Осындай жылы қабылдау үшін баршаңызға алғыс білдіремін. Бұл кездесудің жоғары деңгейде өтіп жатқанына қуаныштымын. Ертең де басқа шаралар жоспарланған. Бәрі сәтті өтеді деп сенемін. Рақмет.

Мәдени байланыс аясында Корея елінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігі жанындағы мәдени орталық «Соманг» бірлестігіне ұлттық киімдер, желпуіштер мен дәстүрлі ойындарға арналған жабдықтар сыйлады.

Мерейтой қарсаңында кәріс театры «Соманг» шығармашылық топтарына ұлттық би және барабан өнері бойынша курстар ұйымдастырды. Ең үздік қатысушыларға бүгін сертификаттар табысталды.

Евгения Юн, кәріс театрының қызметкері

Алғашында қиын болды. Бірақ бәрін еңсердік. Қыздар бар күш жігерлерін салып, жарады. Ертең концертте нәтижесін көресіздер.

Анастасия Цой, кәріс театрының қызметкері

Алдағы уақытта да бірге жұмыс жасағымыз келеді. Бірлестікке бақыт тілейміз. Өркендеп, дами берулеріңізге тілектеспіз.

Бұл мерекелік шара әрі қарай жалғасын табады. Ертең қолданбалы өнер көрмесі, концерт және үздік белсенділерді марапаттау рәсімі өтеді.

Сабина Жолдаспаева