Алматы тұрғыны Павлодардағы кадет училищесінен бір жарым миллион теңге өндіріп алды. Жігіттің айтуынша, ол білім беру мекемесінде қорлық көрген.

Бекжан Әлімов 2020 жылдың қаңтарында 16 жасында өзіне қол салмақ болған. Себебі кадет мектебінде буллингке ұшыраған. азір қазір ол Алматыда. 4 жылдан кейін ол сотқа арыз жазуға шешім қабылдап, кадет училищесі мен білім бөлімінен көрген азабы үшін 18 миллион теңге талап етті. Нәтижесінде талап арыздар ішінара қанағаттандырылды. Мектеп оқушыға келген моральдық зардап үшін 1,5 миллион теңге және оңалту шығындары үшін тағы 500 мың теңге төлеуге міндеттелді.

АГИДЕЛЬ ИБРАЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Сот талапкердің оқу орнының қабырғасында психологиялық және физикалық қысымға ұшырағанын анықтады. Азаматтық істі қарау нәтижелері бойынша сот анықталған бұзушылықтар, сондай-ақ мектеп басшылығының да, білім беру бөлімінің де психологиялық және физикалық қысым көрсету фактілері бойынша жеткілікті шаралар қолданбауы туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне арнайы қаулы шығарды