Биыл мемлекеттік басқару академиясына 30 жыл толады. Осы мақсатта Достық үйінде түлектермен кездесу өтті. Толығырақ тілші материалынан көрейік.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – мемлекеттік қызметшілерді даярлап, біліктілігін арттыратын оқу орны. Бір жылда 25 мың мемлекеттік қызметші қысқа мерзімді тренинг-семинардан өтсе, жыл ішінде үш мыңнан астам магистрант пен докторанттар шыққан. Сонымен қатар, мамыр айында «Президенттік Академия түлектерінің альянсы» құрылды. Бұл оларды ортақ мақсатқа жетелеп, қолдап, пікір алмасуға мүмкіндік береді. Осы орайда өңірде Мемлекеттік басқару академиясының түлектері бас қосты.

ЕРЛАН ӘБІЛ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ РЕКТОРЫ

30 жылдық аясында әр өңірде біздің түлектермен кездесеміз. Жалпы, түлектермен жергілікті мемлекеттік орган арасындағы байланысты құру, әрбір өңірдегі филиалдардың жұмысын жандандыру болып келеді. Бүгінгі мақсат осы түлектерімізбен қауышып, атқарылған істерімен танысып, оларға бағыт-бағдар беру. Жақында «Президенттік Академия түлектерінің альнсы» құрылды. Соның жұмысымен таныстырып, келешекте түлектер мен мемлекеттік орган арасындағы тығыз байланыс, түлектер қандай пайда алып келетіні туралы әңгімелесеміз

Мемлекеттік қызмет жоғары кәсібилікті талап етеді. Мәселен, күні кеше ғана өңірде басқарушы құқығына бәсекелестікті арттыратын өңрлік кадрлық резервтің соңғы кезеңі аяқталды. Бұл орайда, академия мемлекеттік қызметке жауапты, кәсіби жандарды даярлап келеді.

ДИДАР ИБРАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Академиямен тығыз байланыс жасап жүрміз. 2023 жылы Павлодар облысының аппаратының екі қызметкері академия түлегі болып атанды. Президент жастар кадр резервінің мүшелері болды, қазіргі кезде мемлекеттік органдарда жұмыс жасайды

Қазіргі таңда Академия түлектері мемлекеттік қызметтің барлық салаларында маңызды орындарды иеленіп, еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Кездесуде өңірдің мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған мүмкіндіктер мен мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар талқыланды.

ҚАЙРАТ АЛТАЕВ, ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Бүгінгі күні мемлекеттік аппараттың басты жұмысы адамға бағдарланған болуы керек. Яғни, мемлекеттік аппарат пен бұқара халықтың арасындағы алтын көпір ол мемлекеттік қызметшілер. Мемлекеттік қызметшінің жүрісі, барлығы үлгі-өнеге болуы керек. Осы орайда мемлекеттік басқару академиясының көтеріп жүрген жүгі осы бағытта

Айта кетейік, биыл мемлекеттік басқару академиясына 30 жыл толады. Өңірде ұйымдастырылған түлектер кездесуі де айтулы датаға орай өтті. Кездесу екі күн бойы жалғасады.

Қымбат Садық