Павлодар облысына жұмыс сапарымен Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова келіп қайтты. Елордалық мейман өңірдің бірқатар әлеуметтік нысандарын аралап, Екібастұзда салынып жатқан "Самғау" балалар шығармашылығы үйінің құрылысымен танысты. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынып жатыр. Былтыр қазан айында басталған орталықтың құрылысы бюджеттен тыс қаражат есебінен бой түзуде. Орталық заманауи жабдықтармен жарақталған. Өнер ордасы 12 бағыт бойынша жас өрендердің шығармашылығын шыңдайды. Бұған қоса, бұнда инклюзиа саласына ерекше мән берілген. Нысан ерекше қажеттіліктері бар балаларға толық бейімделген. Сондай-ақ ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету орталығы құрылады. Нысан құрылысын аралай келе Вице-Премьер Тамара Дүйсенова нысан құрылысын уақытында аяқтап, тапсыруды міндеттеді. Бұдан кейін мейман Павлодар қаласында мемлекеттік әріптестік жобасында ашылған "Viamedis Pavlodar" ЖШС клиникасына барды.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Павлодар өндірісті өлке. Сондықтан халықтың денсаулығын сақтап, қорғау басты міндетіміз. Қазір өңір бойынша, шалғай ауылдарда 30 медициналық нысан салынуда. Оның ішінде Павлодар мен Екібастұз қаласында ауруханалар жөнделіп, жаңаруда.

Бұдан кейін вице-премьер Малайсары батыр атындағы орта мектепке барды. Онда оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп асханаларында цифрлық төлем жүйесін жабдықтау барысымен танысты.

Әйгерім Тоқпанқызы