«Менің Отаным – Қазақстан». Осындай тақырыппен еліміздің барлық мектептерінде бүгін ашық сабақ өтті. Бұған оқушылардың пікірі қандай? Жалпы оқушылардың жаңа оқу жылына дайындығы қалай? Толығырақ келесі сюжетте.

Жаңа оқу жылы басталғанда барлық мектептерде алдымен ашық сабақ өтеді. Бұл жылдағы дәстүр. Қаламыздағы №25 мектепте де «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды.

ЖАННҰР НЫҒМЕТ, №25 ЖОББМ 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Бұл менің мектептегі соңғы жылдарым болғандықтан мектепте өткен әрбір күн ерекше. Бүкіл ел бойынша сынып сағаттары өтіп жатыр. Бұл біз үшін өте маңызды. Осы биылғы оқу жылы үміттер күтетін оқу жылы болсын.

НҰРҚАНАТ МАЙҚЫ, №25 ЖОББМ 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Мен осы жылы 1-сыныпқа көштім. Мен осы жылы оқу жылымды білімге арнағым келеді. Өйткені 2025 жылы ЕНТ тесті күтіп тұр.Болашақта Қазақстанға біз көмегім тисін деп айтықым кеп тұр.

Күні кеше алғашқы қоңырау соғылды. Оқушылар 3 ай бойы алаңсыз демалып, жаңа оқу жылына жаңа күшпен, жаңа жетістіктерге жетуге келді. Ал, мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндер мен олардың ата-аналары үшін мектеп өміріне бейімделу жылы болғалы тұр.

Бүгінде облыстың 360 мектебінде, 158 балабақшасында, 225 шағын орталығында 156 мыңнан астам бала оқиды. Олардың 1673-і осы №25 мектепте білім алады.

ГҮЛЗАТ АХМЕТЖАНОВА, №25 ЖОББМ ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А.

Биылғы біздің 2024-2025 оқу жылында 64 сыныпта 1673 оқушы. 1 сыныпқа 7 сынып қабылдадық. 178 оқушы. Бәрі ойдағыдай. Бүгінгі күні барлық сыныптарда «Менің Отаным Қазақстан» атты сынып сағаты өтіп жатыр. Балалардың барлығы сабаққа дайын. Түгелі ойдағыдай.

Айта кетсек, биыл еліміздегі мектептерде 3 млннан астам оқушы білім алады. Оның ішінде 352 мың бала бірінші сыныпқа барды.

Самал Қалиқызы