Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2025 жыл- Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Президент, техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет екенін айтты. Сондай-ақ жұмысшы мамандықтары мәртебесін асқақтатып, нағыз маман болу идеясын насихаттауымыз жөн деді. Мемлекет басшысының бұл бағдарын Ертіс өңірінің халқы қолдайды.

Жұмысшы мамандығының беделі артатын шақ келді. Мемлекет басшысы келер жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Темірден түйін түйген, балтасы мен балғасын серік еткен шебер, құбырларды жалғайтын темір пісіруші, құбыр бойының қыр-сырын білетін слесарь қоғамға қажет. Мемлекет басшысы жолдауда кәсіптік білім беру саласына реформа жасау керек екенін айтты.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалару қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман .. насихаттаймыз. Адал еңбек , адал азамат толық қағидатына сай келеді.

Президент айтқан бағдар біздің өңір үшін өте өзекті.

ОЛЕГ НИКОЛАШИН, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ

2022 жылы Екібастұзда орын алған техногенді апат бізде жұмысшы мамандардың тапшы екенін көрсетті. Президент өзінің Жолдауында 2025 жыл "жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялады. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау қажет деп қадап айтты. Тапсырмаға сәйкес бір жыл ішінде түбегейлі өзгерістер болады деп сенемін. Міндет қойылса, Үкімет, қоғам, бәріміз де орындауымыз керек.

Сондай-ақ, орта білім беру елдің кадрлық әлеуетін нығайтуда септігін тигізеді "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы іске асырылып, 2025 жылы 217 мектепті пайдалануға беріледі.

Әйгерім Тоқпанқызы