Ел бойынша күзгі әскерге шақыру шарасы басталды. Биылғы науқанда 700 ден аса азамат әскер қатарына қосылады деп жоспарланған. Қорғаныс істері департаменті мамандары жасөспірімдердің денсаулығы мен физикалық дайындығы қатаң ескерілетіні жайында айтты.

Отан алдындағы борышын өтеуге жас сарбаздар Ұлттық ұлан, Қарулы күштер және Шекара қызметінде өтейді. Биыл әскерге 700 ден астам адамды шақыру жоспарланған.

АЛМАСБЕК БҰХАРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес облыс әкімінің қаулысына сәйкес биыл 2024 жылғы күзге әскерге шақыру науқаны басталды. Біздің Павлодар облысына берілген жоспар бойынша шекара қызметіне 80 азамат шақырамыз. Қарулы күштер қатарына 250, Ұлттық ұлан қатарына 270 тей азамат шақырамыз. Оның ішінде мемлекеттік күзет қызметі бар. Төтенше жағдай министрлігі бар. 15-20 адам. Общий барлық көлемі 786 азаматты күзгі.. щақырауға ... жоспарлап отырмыз.

Былтыр көктем шақыруында 862 сарбаз әскерге аттанды. Қазір олар азаматтық борышын атқарып жүр. Әскер қатарына шақырылмас бұрын ел азаматтары қатаң бақылаудан өтеді. Арнайы комиссия денсаулығы мен физикалық дайындығын тексереді.

АЛМАСБЕК БҰХАРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Мерзімді әскерге шақыру күзгі 2 сінен басталды. 2024 жылы. Бірінші біздің командамыз шекара қызметінің 6-ші қыркүйек күні жібереді. Аудандық, облыстық, медициналық тексеруден өтеді. Денсаулығы жарамды азаматтық борышын атқаруға барады. Егерд денсаулығы жарамсыз азаматтар кейінгіге қалдырылады.

Сондай-ақ былтырдан бастап Қорғаныс министрлігінің бектілілген бұйрығына сәйкес Отан алдындағы борышын өтеп келген азаматтар ұлттық бірыңғай тест тапсырмай белгілі бір жоғары оқу орындарына тегін оқуға түсе алады. Бұған қоса, биылдан бастап несиесі бар сарбаздарға кредиттік демалыс тағайындалған. Яғни, олар отан алдындағы борышын өтеп келгенне кейін қарызын төлейді.

Әйгерім Тоқпанқызы