Павлодарда ерекше және көрнекті адамдар тұрады. Біз білетін ерекше адам туралы келесі сюжетте.
Евгений Григорьевич Азаров Павлодар үшін ғана емес, өңіріміз үшін танымал тұлға.
Еңбек жолын инженер қызметінен бастады. Ал 1976 жылы қала басшысы немесе қазіргі тілге аударсақ қала әкімі болып сайланды. Қалалық атқару комитетінің төрағасы ретінде Министрлер кеңесінде облыс орталығының бас жоспарын қорғады. ОЛ облыс орталығында коммуналдық шаруашылық жүйесін нөлден бастап құрды. Оның басшылығымен 65 мыңға жуық қылқан жапырақты ағаштар қолмен отырғызылды.
ЕВГЕНИЙ АЗАРОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ
Бұл 45-47 жыл бұрын болған. Оларды үш, төрт жасар, метрге отырғызды. Олар қазір не көріп тұр. Біз 12 саябақ пен үлкен алаңдарды құрдық. Мысалы, Лермонтов көшесі телеорталыққа тіреліп аяқталды. Мен өз қолыммен сопақша салдым, мен: "міне, алаң болады" деймін
Евгений Григорьевич облыс орталығының гүлденуіне сүбелі үлес қосқан жан. Павлодарды жан-тәнімен жақсы көрді. Ол ақылға қонымды түзетулер енгізіп, қаланың бірегей бас жоспары мен оның қызметінің арқасында керемет қалаға айналды.
ЕВГЕНИЙ АЗАРОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ
Мен Павлодарды өте жақсы көремін. Мен жауапты қызметте жарты ғасырға жуық уақыт еңбек еттім. Бұл менің сүйікті қалам. Мен Рязаньдан шыққаныма қарамастан, Тулда туып, Красноярскіде, Новосибирскіде тұрдым
Оның шебер басқаруымен жаңа тұрғын үй де салынды. Оның есімі аймақтың мәдени өмірінде де белгілі. Евгений Григорьевичтің хоббиі, сурет салу, бүгінде оның суреттері қалалық галереяларда қойылады. Оның еңбектерімен жинақ-кітаптарда шығады.
Қымбат Садық, Сағындық Оразалинов