Железин аудандық соты заңсыз аң аулаған ер адамға үкім шығарды. Оқиға былтыр қараша айында болған. Айыпталушы қос ұңғылы мылтықпен екі елікті атып, мемлекетке 3 миллион теңгеге жуық шығын келтірген.Ол аң аулауға рұқсаты бар екенін айтып, жануарлардың өлексесін көлікке тиеген. Сотта ер адам кінәсін толық мойындап, келтірілген залалды өтеді.
Маржан Құрманғалиева, Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінің бас маманы
Железин ауданы сотында қаруды қолдана отырып заңсыз аншылық жасау фактісі бойынша айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды.Сот азаматты кінәлі деп танып, оған екі жыл мерзімге аншылық қызметімен айналысу құқығынан айыра отырып 1 жыл 6 ай мерзімінде бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.Үкім заңды күшіне енді.