Павлодарда жылдам тағам дайындайтын дүңгіршектен өрт шықты. Жалын шамамен 20 шаршы метрді шарпыды. Төтеншеліктер өртті жылдам ауыздықтады.
11 ақпанда сағат 11:11-де "101" пультіне Павлодар қаласы, Академик Шокин көшесі мекенжайында орналасқан жеке тұрған бір қабатты фастфуд дүңгіршегінің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері жедел келді. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт сағат 11:43-те толығымен жойылды. Өрттің ауданы шамамен 20 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті электр жабдықтары мен ас үй техникасын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, қосылған электр құралдарын қараусыз қалдырмауға, электр сымдарының жарамдылығын үнемі тексеріп отыруға кеңес береді.