Ғалым Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада 2 бөлімше ашылды. Бұл пульмонология және гастроэнтерология орталықтары. Бұрын бұл сырқатпен ауыратын пациенттер терапия негізінде ем қабылдайтын. Енді олар үшін жеке бейінді қызмет ашылды.
20 орынға арналған бұл бөлімше қазір таңда пациенттерге толы. Себебі асқазан, ішек, бүйрек ауруларына шалдыққан адамдар саны күрт артты дейді мамандар. Сұранысқа сәйкес бөлімше жеке құрылым ретінде ашылды.
Зәмзәгүл Смағұлова, Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың гастроэнтерология бөлімінің меңгерушісі
Өңірде осындай бейінді бөлімше болған емес. Соңғы уақытта облыста ойық жаралы колит пен Крон ауруына шалдыққан науқастар саны артып, олардың саны 700-ден асты. Бұған дейін олар терапиялық бөлімшелерде ем қабылдап келген. Енді жеке бөлімшенің ашылуына байланысты пациенттер арнайы жерде білікті медициналық көмек ала алады. Бөлімшеде бауыр циррозы, ойық жаралы колит, Крон ауруы және созылмалы панкреатитпен ауыратын науқастар емделеді.
Бөлімше заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған. Мұнда ультрадыбыстық зерттеу аппараты, эндоскопия, фиброскан бар. Сондай-ақ физиотерапия бөлімі жұмыс істейді. Науқастарға плазмаферез процедурасы жасалады. 70 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны Нұрлығайын Ахметова жылына екі рет ауруханаға жатып ем қабылдайды.
Нұрлығайын Ахметова, Павлодар қаласының тұрғыны
Областной больницаға мен жылына екі рет келіп түсіп отырамын. Биыл бүгін міне түсіп отырмын. Бұрын 4 ші этажда жатқам. Қазір 2 этажға жатқызып жатыр. Өте жақсы, өте таза екен. Маған өте қатты ұнады. Менің өзімнің дәрігерім бар. Өте жақсы адам. Емі бәрі жақсы. Білімді адам.
Сондай-ақ облыстық аурухана негізінде пульмонология бөлімшесі құрылды. 20 адамды қабылдайтын арнайы медициналық мекемеде өкпенің созылмалы аурулары емделеді.
Салтанат Сыздықова, Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың пульмонология бөлімшесінің дәрігері
Қазір 12 қаңтардан бастап пульмунология бөлімшесі ашылды. Бөлімшеде біз мынандай диагноздары емдейміз. Пневмония, өкпенің созымалы ауруы, бронхиалды астма, .. емдейміз.
Павлодар қаласының тұрғыны Зейнеп Әбдікәрімова бөлімшеде емделіп жатыр. Дәрігерлер қажетті тексеру жүргізіп, емшара тағайындағанын айтады, Ақ халатты мамандардың еңбегіне риза.
Зейнеп Әбдикәрімова, Павлодар қаласының тұрғыны
Лечение алып жатырмын жақсы. Уколын, капельницасын беріп жатыр. Жай тексерістер өткізіп жатыр. Бәрі жақсы, бәрі ұнайды. Медиктері бәрі жақсы ұнайды. Отдышка болып қалада, жай жүргенде жазды күнім сол уақыттарда қиын маған.
Екі бөлімше де заманға сай медициналық жабдықтармен қамтылған. Ал дәрігерлер үнемі халықаралық тәжірибеден өтіп, біліктіліктерін жетілдіріп отырады.
Әйгерім Тоқпанқызы