Екібастұзда есірткінің таралуына қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар іс-шаралар легі өтті. Шараға прокуратура, полиция, еріктілер қозғалысының өкілдері, оқушылар қатысты.
Сенбі күні орталық алаңда есірткі және психотроптық заттардың таралуына, есірткі бизнесіне, есірткі жарнамасына қарсы күрес жөніндегі өңірлік жобаның іс-шаралары басталды.
Шараға көптеген клуб өкілдері, жастар, интелектуалды спорт өкілдері қатысты. Қала тұрғындары да көптеп жиналып, қызықты шараның куәсі болды.
ИРИНА ТЕМІРҒАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ
Есірткіге тәуелді ететін құралдардың бірі жарнама. Тиым салынған заттардың қандай да бір жарнамасы жастар арасында қауіп тудырады. Жұмыс барсында осыны негзіге көбірек алуымыз керек.
Еріктілер бірнеше сағат бойы ғимараттарды есірткі және психрторптық заттар туралы ақпараттармен бояды. Акция алдағы уақытта да жалғасады.
ҚАНАТ АТЫҒАЕВ, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ
Біздің шарамыздың мақсаты – есірткіге байланысты қылмыстың алдын алу. 30-дан астам маршруттық карта жасалған, 50-ден астам топ жұмыс істейді. Біздің мақсатымыз – бүкіл қаланы қамтитын есірткі жарнамасының жолын кесу. Мұндай 150-ден астам граффити жойылды. 299-1-бапқа сәйкес үш қылмыстық іс тіркелді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасады.
Содан кейін Екібастұздықтар «Есірткіге жол жоқ!» жарысын өткізді. Жарысқа негізінен колледж студенттері, қала құраушы кәсіпорындардың еңбек ұжымдарының өкілдері, Жастар бастамаларын дамыту орталығының белсенділері қатысты. Акцияға қатысушылар «Есірткіге жоқ!» деген үлкен әріптерді таратты. Жарысқа қатысушылардың колоннасын мотоциклшілер басқарды. Спортшылар Мемлекеттік тудың тутұғырынан жағалаудың бірінің ғимаратына дейінгі қашықтықты жүгіріп өтіп, бастапқы нүктеге сол бағытпен оралды.
Жанасыл Серікбол