Өңір жастарының зияткерлік қабілеттерін ашу мақсатында облыстық дебат турнирі ұйымдастырылып, аудан мен қалалардан келген 60 оқушы қатысты. Жеңімпаздар Республика күніне орай Астанада өтетін тұңғыш Ұлттық пікірсайыс турнирінде бақ сынайды.

Облыстық дебат турнирі Назарбаев зияткерлік мектебінде өтті. Мұндай білім додасы оқушылардың саяси белсенділігі мен азаматтық ұстанымын, көшбасшылық қабілеттерін, зияткерлік әлеуетін, сыни ойлау дағдысын дамыту үшін ұйымдастырылады.

JasREPUBLIC CUP аймақтық пікрсайыс турниріне «Республика» партиясы мен «Ozgerteam» қоғамдық қоры қолдау білдірді. Оған облыстың әр өңірінен 20 фракция, 60 оқушы қатысты.

МАХАНБЕТ АМАНГЕЛДІҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

Бұл алғашқы бастама жастарды шешендік өнерге, Отансүйгіштікке баулуға арналады. Білімге деген талпынысты оятады, жеңіп шыққандар республикалық кезеңге қатысады. Кейін әлемдік деңгейге қатысады, ол жерде үш тілде болады

Дебатта көтерілген тақырып та сан алуан. Онда оқушылар ойларын ортаға салып, қазіргі уақытта өзекті болып тұрған проблемалардың бірін қозғады. Дебат жүйелі сөйлеуімізге, әр салада білімімізді жетілдіруге септігін тигізіп жатыр дейді, оқушылар.

ӘМИНА БЕЙСЕНБЕК, ҚАТЫСУШЫ (ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ)

Облыстық ойындарға бірінші қатысуым, бұған дейін қалалық кезеңдерге қатысып жүрдім. Дебат ойыны өте қатты ұнайды. Жалпы бұл дебат ойыны біздің ойлау қабілетімізге көмектеседі, жалпы адамдармен сөйлесіп, алдағы өмірімізге керек деп ойлаймын

Дебат қатысушылары біздің өңірде турнирлер деңгейі айтарлықтай өскенін айтады. Сондай-ақ , ауыл мектептеріндегі оқушылардың қызығушылығы жоғары екендігін байқадық.

АЙЖАН ТЕМІРҒАЛИЕВА, ҚАТЫСУШЫ (ЖЕТЕКШІ АУЫЛЫ)

Біз өзіміз 3 жылдай осы дебатқа қатсып жүрміз. Көптеген әртүрлі дебаттарға қатысып жүрміз, онда қазақша және орысша болады. Мысалы Марғұлан университетінде республикалық дебатқа қатыстық

Айта кетейік, облыстық турнир қатысушыларына алғыс хаттар мен жүлделі орындар табысталды. Жеңімпаздар Астанада өтетін тұңғыш Ұлттық пікірсайыс турнирінде бақ сынайды.

Қымбат Садық