Балалардың компьютер ойындарына қызығушылығы соңғы жылдары артып келеді. Ата-аналар мен педагогтар бұл құбылыстың қауіпті жақтарына алаңдауда. Гаджет тәуелділігінен қалай құтылу керектігі туралы мамандар пікірлерімен бөлісті.
Компьютер ойындарына тәуелділік-балалар мен жасөспірімдер арасында кең таралған күрделі мәселе. Бұл құбылыс соңғы жылдары көп зерттеліп, талқыланып келеді. Себебі ол тек баланың психологиялық жағдайына ғана емес, денсаулығына және әлеуметтік өміріне де айтарлықтай әсер етеді.
АНАСТАСИЯ БЕРЕЖНАЯ, ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ
Балаларға, әсіресе жасөспірімдерге ортамен байланыс орнату қиын.Бірақ. олар үшін байланыс өте маңызды. Егер бала өзінің бойынан қандай да бір энергияның жолын таппаса, басқа жасөспірімдермен байланысы болмаса, онда ол әрине компьютерлік ойынға, интернет ойынға құмар болады. Себебі ол ойын арқылы өзін кейіпкер ретінде көріп,қалаған атын қоя алады. Одан бөлек,өзін жеңімпаз ретінде көрсете алады. Ата-аналарға айтар кеңесім, жеткіншектердің бос уақытын қамту керек. Яғни, баланың қандай да бір хоббиі, жасайтын ісі болуы тиіс. Қазіргі уақытта барлық балаларда, барлық отбасыларда бұл міндеттер, ережелер сақталмайды. Ең бастысы,ата-аналар мен мұғалімдер балаға байланыс қажет екенін естен шығармау керек.
Гаджет қолданудың уақыты болуы керек. Сондай-ақ, жаспөспірімдер уақытты тиімді пайдалануды қалыптастырған жөн.
ВАЛЕНТИНА ШАМСУДИНОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қазір әлеуметтік желілерде әртүрлі әлеуметтік ойындар туралы көп айтылады. Ата-аналарға біз әрқашан ескертеміз, ойын баланың алдынан өзі шықпайды, балалар ойындарды желіден өздері іздеп табады. Себебі балаға ортамен сөйлесу жетіспейді. Бала өзін жаман сезінген кезде, түрлі ойындарды іздей бастайды. Сондықтан кез-келген жағдайда, балаға назар аудару керек. Ең бастысы, баланың қолынан телефонды жұлып алмау керек. Атап айтқанда, сабырлы түрде келіп, баладан осы ойын туралы сұраңыз, оған не ұнайды, бұл ойынды таңдау себебін біліңз. Нақтырақ келгенде тек жағымды көңіл-күймен сұрауға тырысыңыз , баланың ойында алған әсерлерін тыңдаңыз.
Иә,компьютерлік ойындарға тәуелділік күрделі мәселе. Бірақ, балаға компьютерден тыс өмірдің қызықты екенін көрсетіп, оны басқа әрекеттерге тарту арқылы бұл тәуелділікті азайтуға болады. Ең бастысы, баланың жан-жақты дамуына көңіл бөліп, оның қызығушылықтарын әртүрлі салаларда қолдау маңызды.
АНАСТАСИЯ БЕРЕЖНАЯ, ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ
Ойынға тәуелділік бұл қарапайым мәселе емес, сондықтан мамандар онымен дұрыс жұмыс істеуі керектігін айтады.Қандай да бір ережелерді ұстану керек. Ең алдымен әрине мектеп психологына жүгіне аласыз. Кейбір ережелерді енгізіңіз, мысалы,баланы гаджеттен қалай дұрыс шеттету туралы кеңес алыңыз. Өйткені балаға сүйікті гаджетіне бірден тыйым салсаңыз, барлығы сіз ойлағандай болмайды. Мысалы, телефондағы ойынды пайдалы іске айналдыру. Яғни, бұл гаджеттердің көмегімен үй тапсырмасын орындау немесе қандай да бір стратегиялық ойын болуы керек.
Айта кету керек, егер балаңызға басқа маманның көмегі қажет ететін тәуелділік туындаса, онда мектеп психологы сізді дұрыс маманға бағыттай алады.
Сабина Жолдаспаева