Павлодар вокзалының аумағы абаттандырылып жатыр. Ондағы ескі сағаттың орнына енді жаңа Лед-сағат жұмыс жасайтын болады. Сапаржайдағы өзге де өзгерістер жайлы тілшіміз айтсын.
Павлодар қаласының вокзалында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, биыл қолданысқа берілген еді. Ғимараттың ішінен бөлек, қасбеті де жаңартылды, кеспе тастары ауыстырылды. Аумақта толығымен абаттандыру бойынша сәйкестік болу мақсатында жан-жағы да жөнделіп жатыр.
НҰРДӘУЛЕТ НЕСІПҚАЗИЕВ, ТҮКШ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімімен вокзал аумағы абаттандырылып жатыр. Мында асфальттау жүргізіліп, кеспе тастар ауыстырылып жатыр, қоқыс жәшіктерімен бірге мраморлы орындықтарға тапсырыс берілді. Жарықтандыру құралдары да жаңартылады. Мындағы сағат та Лед-сағатқа ауыстырылады. Сондай-ақ, сағаттың қасбеті де өзгертіліп жатыр.
Айта кетейік, вокзал аумағындағы барлық жұмыстармен бір мердігер ұйым айналысады.
НҰРДӘУЛЕТ НЕСІПҚАЗИЕВ, ТҮКШ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жұмыстар тамыз айында басталды. Қазан айынын ортасында аяқталады деп жоспарланып отыр. Мындағы барлық жұмыстармен «Қазақжолдары» ЖШС айналысады. Асфальттау жұмыстары барлық аумақта яғни жаяу жүргіншілер, кіреберістерде, парковкаларда жүргізіледі.
Айта кетейік, асфальттау, кеспе тас төсеу, сағатты ауыстыру, жарықтандыру жұмыстарына бюджеттен жалпы 250 млн теңге бөлінді.
Самал Қалиқызы