Павлодар облысы ең қарт қазақстандықтар тұратын үштікке кіреді. Ұзақ жасаған азаматтардың қатарында Қапиза Рахмет әжеміз де бар. Ол Байдала ауылында тұрады. Биыл ақ жаулықты «ақ апа» 107 жасқа толыпты.
Қапиза апамыз Бай өлке Баян өлгейден ата жұртқа сонау тәуелсіздік алған жылдары келген. Тұрмыстың тауқыметін көрген әже қазір немерелерінін қолында. Ауылда бәрі «ақ апа» деп сыйлап тұрады. Бірақ жылдар өткен сайын, денсаулығы да сыр бере бастаған.
ҚАПИЗА РАХМЕТ, БАЙДАЛА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Денсаулығым күн сайын азайып барады. Құлақтан, көзден жұтадым. Енді аяқтан алып жатыр. Дәрігер келеді, укол салмайды көтермейсің дейді. Аяғым ауыратын болды.
«Қарты бар елдің қазынасы бар» демекші, қарияларымыз бар да біз баймыз, бармыз. Ал олардың берген өнегесі талай жылға азық. Қапиза әжеміз кезінде ширақ, тың еді дейді ауылдастары. Өткен жылы тіпті өзі туған Моңғолия еліне барып, сағынышын да басып келіпті.
ҚАПИЗА РАХМЕТ, БАЙДАЛА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Екі күн жүріп бардық. Екі күн жүріп келдік. Кенже бауырым бар, атақ алып, сол той жасаймын алып кел депті. Солар алып барды.
Сонда Моңғол үкіметінен 100 жасаған әжеге арнайы төсбелгі де тағыпты. Айта кетейік, Қапиза Рахмет әжеміз Қазақстанға 1993 жылы көшіп келген. Содан бері үкіметтен тек арнайы жәрдемақы ғана берілген екен.
Айта кетейік, біздің елімізде 100 жасаған және одан үлкен жастағы 423 азамат бар. Ең үлкен кейуана 114 жаста.
Самал Қалиқызы