«Павлодарэнерго» акционерлік қоғамы биыл №2 және №3 Жылу электр орталықтарына 1,8 млрд теңгеге инвестициялық бағдарлама аясында жобаларды жүзеге асырды. Ат қарылған жұмыстар Павлодар қаласын тиісті мөлшерде жылумен қамтуға мүмкіндік береді. Толығырақ келесі сюжетте.
Павлодарэнерго акционерлік қоғамы 2024 жылы инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру және тарифті инвестицияға айырбастау бастамасын іске асыру үшін 3 млрд 853 млн теңге бағыттады. Бұл қаржыға №2 және №3 жылуэлектр орталықтарында бірқатар жұмыстар жүргізілді.
ВАДИМ ЛЕСИН, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Негізі шаралардың бірі №2-Жылуэлектр орталығының күл үйіндісі аумағын қайта жөндеу. Күл үйіндісі 3-ші кезегінің құрылыстағы қолданыстағы күл үйіндісі сыйымдылығы сарқылу мерзімінің жақындауына байланысты. Сондай-ақ екі тұндырғышты қайта жөндеу жоспарланды. Осылайша №3 жылу электр орталығындағы №1 тұндырғышты жөндеу аяқтап, №2 тұндырғышты қалыпқа келтіруге материалдарды сатып алу көзделді. Одан бөлек, тарифті инвестицияға айырбастау бағдарламасы аясында қазандықтардың ауа қыздырғыш текшелерін қайта құрылымдауға 2 млрд теңге қарастырылып отыр.
Осылайша қазандықтардың газ шығару құрылымын жөндеуге 369 млн теңге, тұндырғышты жөндеуге 144 млн теңге, қазандықтарды қалыпқа келтіруге 134 млн теңге, ауа қыздырғыш текшелеріне 2 млрд және күл үйіндісінің құрылысына 1 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалатын болады.
ВАДИМ ЛЕСИН, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Қаланы, ұтынушыларды тиісті көлемдегі жылумен қамту мақсатында желтоқсан-қаңтар айларында №3 жылуэлектр орталығында 5 қазандық жұмыс жасайды. Оның біреуі резервте. №2 жылуэлектр орталығында 5 қазандық болса, 4-еуі жұмыста, 1-еуі резервте.
Осы ретте Павлодарэнерго басшылығы биыл жылыту маусымының ерте басталғанын құптап отыр. БҰл гидравликалық режимді бақылауда ұстауға мүмкіндік береді дейді.
ВАДИМ ЛЕСИН, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Жылу маусымының ерте басталуын біз құптаймыз. Яғни біртіндеп әлеуметтік нысандар, мектеп пен спорт нысандары мен кейін тұрғын үй қоры жылуға қосылды. Біртіндеп қосылу жүйені біртіндеп толтыруға мүмкіндік береді. Кенеттен күн суыған кезде байқалатын гидравликалық режимнің ауысуын болдырмайды. Магистарльдар мен құбырларда жиі кездесетін ақауларды алдын алуға мүмкіндік береді.
2024 жылы жүргізіліп жатқан инвестициялық жобалар алдағы күзгі-қысқы кезеңде станция жабдықтарының сенімділігін арттыруға, тұтынушыларды үздіксіз жылумен қамтуға бағытталған.
Самал Қалиқызы