Қарағанды облысының Қарқаралы ауданынан басталған өрт Баянауыл аумағына дейін тарады. Қазір тілсіз жау құрсауға алынды. Жалынның әрмен қарай жайылуына тосқауыл қойылды.

Қызыл жалын Қарағанды облысымен шекаралас Баянауыл ауданы Жұмат Шанин ауылының Желтау бөлімшесіне жақындаған. Қазір өрт шыққан аумақта екі облыстан ғана емес, Астана және Абай облысынан көмекке мамандар келген. Жалын шарпыған аумақ 10 мың гектар. Тілсіз жау оқшауланды.

АСҚАРБЕК ОМАРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖД ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Ауданның жалпы 10000 га оқшауланды. Сөндіруге Павлодар,Астана Абай облысынан және ҚР ТЖМ 68 әскери құтқарушылардың, орман шаруашылық қызметкерлері және жергілікті атқарушу органдар өрт сөндіруге қатысты. Оқшаулауға 236 адам. 42 бірлік техника, 3 пилотсыз ұшу апараты жұмылдырылды. Барлығы 64 тонна су көлемінде өртке су төгілді. Су алынды.. өрт ошақтарын жою жұмыстары жүргізілуде.

Өрт шыққан бойда жедел штаб құрылып, жағдай бақылауға алынды.Баянауыл ауданының Желтау елдімекенінде алты үйдің тұрғындары тегіс қауіпсіз жерге Жұмат Шанин ауылына көшірілді.

Әйгерім Тоқпанқызы