Павлодарлық ұстаз «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» наградасына ие болды. Бұл мараптты мемлекет басшысының қолынан алды. 30 жыл шәкірт дайындап, мамандықтың биігіне ұмтылған ұстаз жайлы алдағы материалымызда.
Әр мұғалімнің жұмыс күнінің тәртібі күрделі. Ерте тұру, оқушыларға білім беру, дәптер тексеру және құжаттармен жұмыс жасау. Ұстаз-ел болашағының тәрбиешісі деп жиі айтамыз. Алайда, бұл жолда қаншалықты ауыр еңбек жатқандығын біле бермейміз. Осы жолда жүрген ұстаздардың бірі – Лилия Стадникова номері сегізінші лицейдің математика пәнінің мұғалімі. Ол жуырда еліміздің үздік 20 ұстазымен бірге марапатталды.
ЛИЛИЯ СТАДНИКОВА, №8 ЛИЦЕЙДІҢ МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Президенттің қолынан марапат алатымына соңғы сәтке дейін сенген жоқпын. Ал, мемлекет басшысының қолыңды қысып марапаттауы бұрын еш формуламен өлшенбеген эмоцияға бөледі. Сен мемлекет басқарып отырған адамның қасында тұрған кезде үлкен үмітке бөленеді екенсің. Еңбегіңнің осыншама деңгейде бағаланғанына қуандым.. ни признан на таком уровне
Лилия Викторовнаның педагогикалық еңбең өтілі 30 жыл. Жұмысын жолдама арқылы бастаған. 42-ші және 26-шы мектептерде еңбек етті. Ал, номері 8 лицейдегі еңбек жолы 16 жыл бұрын басталған. Бүгінде бала кезінде таңдаған мамандығының шын шеберіне айнады.
ЛИЛИЯ СТАДНИКОВА, №8 ЛИЦЕЙДІҢ МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Бұл мамандықты сегізінші, тоғызыншы сыныбымда таңдадым. Өзім математиканы тереңдетіп оқытатын мектепте оқыдым. Есепке құмар болдым. Класс жетекшіміз де математика пәнінің мұғалімі болды. Сол кісінің бейнесі әлі күнге дейін көз алдымда үліг болып тұрады. Ұстазым математикаға құштар етіп қана қоймай, оны шәкірттерге үйретуге деген ұмтылысымды да тудырды… преподавать математику
Шәкіртсіз ұстаз тұл. Ал, Лилия Стадникованың шәкіртері биік шыңдарды бағындырып жүр. Халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері. Тек, биылдың өзінде 16 медальға иелік етті. Мәселен, Владимир Роговский мен Анастасия Одинцованы барша Павлодар жұрты біледі. Өйткені, олар өз білімдерімен Павлодар даңқын бірнеше рет асқақтатты.
НАТАЛЬЯ ЕРЖАНИНА, №8 ЛИЦЕЙДІҢ МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Лилия Викторовнамен студент кезімізден таныспыз. Павлодар педагогикалық университетінде бірге оқыдық. Міне, 20 жылға жуықтады сегізінші лицейде бірге еңбек етеміз. Ол тамаша әріптес. Әрқашан көмек қолын созуға дайын әріптес. Оның балаларға деген сүйіспеншілігі шексіз. Өзінің қат-күшімен математикаға ғашық етеді
КСМ: Лилия Стадникова үшін мұғалім болу-ең алдымен балаларға деген сүйіспеншілік.
ЛИЛИЯ СТАДНИКОВА, №8 ЛИЦЕЙДІҢ МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Менің ұғымымда мұғалім болу дегеніміз ең әуелі балаларды сүю. Әр күн сайын жаңа нәрсе үйрену. Жасыңа да, тәжірибеңе де қарамай үйрене беру. Мен бір нәрсе білмей қалғаныма қысылмаймын. Өйткені әр күн сайын жаңа білім пайда болады. Осының өзі қызық. Біз балаларға үйретеміз, балалар бізге үйретеді
Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы жастарға тек үйрену керектігін айтады. Табыстың басты кілті осында дейді.
Жанасыл Серікбол