Облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастыруымен С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Толғауы тоқсан қызыл тіл» атты, облыстық жас ақындар мүшәйрасы байқауының марапаттау рәсімі өтті. Шараға кімдер қатысты? Толығырақ келесі сюжетте.

Байқауға өңірдің үздік тіл жанашырлары, жас ақындар мен шығармашылық иелері қатысты. Шара жастардың тілге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Облысымыздың қала, аудандарынан келген 16-25 жас аралығындағы талапкерлер қатысып,өз шығармаларын жолдады.

САЯУЫШ СӘДУАҚАСОВ. ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жаңадан танылып келе жатқан немесе әлі танылып үлгермеген жас ақындарды көпшілікке таныту, ортаға шығару. Бұл байқауға 16-25 аралығындағы жас талантты ақындар қатысты. Жалпы осы шараға қатысқан, мына жылда қатысып келе жатқандардың арасында бүгінгі күні бізден қанаттанып танымал болған ақындарымыз баршылық. Осы жылы да танылып келе жатқан ақындарымыз солардың жолын қуып, шығармашалық ортаға сіңісіп, елімізге танымал ақындар шығады деген ойдамыз. Олармен енді әрі қарай да қарым-қатынас үзбейміз, олар енді алдағы тілдік шараларымыздың тұрақты қатысушыларына айналады деп ойлаймыз.

Байқауға қатысушылар мәнерлеп оқу, шешендік өнер мен әдеби шығармаларға арнау айту сияқты бірнеше аталым бойынша өзара сайысқа түсті. Жыр додасында барлығы 23 үміткер өз бақтарын сынады.

САЯУЫШ СӘДУАҚАСОВ. ОБЛЫС МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жалпы биылғы жылдың байқау ерекшелігі- байқауға жылдағыдан көп өтінім білдірді. Барлығы 23 қатысушы болды. Соның ішінде 13 қатысушы іріктелініп алып, солардың арасында жүлделі орындар сарапқа салынды. Енді ішіндегі тақырыптар- мемлекеттік тілге қатысты, одан басқа әртүрлі тақырыптары бар. Оларды Серік Елікпай ағамыз, Асхат Тұрғанбек, Айбек Оралхан бастаған ақындардан құралған әділқазы алқасы бағалап, шешімдерін шығарып, 13 қатысушының арасында теңдей бөлді.

Конкурс қорытындысы бойынша, бас жүлде иегері Бақдәулет Төлеухан танылды.

БАҚДӘУЛЕТ ТӨЛЕУХАН, ҚАТЫСУШЫ

Шығармашылық әлеміме келетін болсақ, қара өлең ұйқасында жазамын. Осы өлең жазып бастағаныма шамамен 3-4 жыл болды. Осыған дейін де мәнерлеп оқу мүшәйләріне қатысып көргем. Енді бүгінгі таңда осы байқауда тілдік тақырыпта өлең жолдаған болатынмын, қара өлең ұйқасында жазылған. 4-5 шумақпен жазылған өлең.

Айта кетейік. байқау дәстүрлі негізде жыл сайын тілдер айлығы шеңберінде ұйымдастырылады. Жеңімпаздары мен қатысушыларға арнайы дипломдар мен ақшалай сыйақылар табысталды.

Сабина Жолдаспаева