Павлодарда Ертіс медиа холдингінде тарихи маңызы зор жаңа мәдени нысан-Баспасөз және радио музейі ашылды. Бұл мұражай өңірлік және республикалық журналистика мен радионың дамуын көрсететін ерекше орталыққа айналмақ. Толығырақ тілші әңгімесінде.
Мұражай экспозициясында өткен ғасырдың газет, алғашқы радио қабылдағыштар, сондай-ақ аймақ журналистерінің еңбектері мен фотоматериалдары ұсынылған.
Мұражайға кірген сәтте көзге түсетін жәдігерлердің бірі-1956 жылы жасап шығарылған радио. Жылдар бойы жұмыс істемеген радионы, 2024 жылы радио инженері Андрей Фисенко іске қосты.
Мұражайдағы жәдігерлерді орталықтың қызметкерлері жинағаны оны ерекше етеді. Бұл музейдің көрмелері мен экспонаттарының барлығы мұқият зерттеліп, сол салада жұмыс істеген мамандардың өз қолымен жинақталғанын көрсетеді.
Сабина Жолдаспаева