Өңір экономикасы 9 айдың ішінде ауыл шаруашылығы, құрылыс, ішкі сауда, көлік қызметі есебінен жақсы көрсеткішке жетті. Өнеркәсіпте 2,4 трлн теңгеге өнім өндірілді. Өңір экономикасына 708,9 млрд. теңге инвестиция тартылып,оң серпін байқалады. Бұл жөнінді облыс әкімдігінде өткен аппараты жиын барысында белгілі болды. Толығырақ тілші әңгімесінде.
Өңірдің өнеркәсіп саласының өсу қарқыны жақсы. 103% -құрап отыр. Ауыл шаруашылығында өнім 17% - ға артты. Өңір экономикасына тартылған инвестициялар көлемі 840 миллиард теңгені құрап отыр. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының ақпаратына сай құрылыс қарқыны да жақсы. Биыл 238 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.Алайда бұл көрсеткіштен қалып отырған аудандар да бар.
Ирина Назарчук, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы:
В сфере строительства прогнозируется рост на 4,3% Құрылыс саласында былтырғы кезеңімен салыстырғанда 4,3% - ға өсім бар. Алдағы уақытта тағы 40000 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Ішкі сауданың өсу қарқыны 12% деңгейінде. Көлік және байланыс саласындағы қызметтер динамикасы 20% және 11% ға өскен. Бірақ, аудан әкімдіктерінің берген мәліметіне сәйкес Баянауыл, Ертіс, Аққұлы аудандарында өнеркәсіп дамуы төмендеген.
Атқарлыған жұмыстың нәтижесі өңірдің үші шаһарында, бұған қоса, Железин, Май, Успен және Тереңкөл аудандарында бар.Бірақ көш соңында қалғандары да бар. Осы салаға жауапты Шарбақты ауданы әкімінің орынбасарына облыс әкімі сөгіс жариялады.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:
Формального подхода никак не должно быть.... Шарбақты ауданы бойынша ескерту орынды. Орындап отырған жұмысқа формалды көзқарас болмауы керек. Мұндай жағдайлар байқалса, тиісті басшылар жауапкершілікке тартылуы керек. Осы мәселеге жауапты тұлғаға сөгіс жариялаймын...
Экономика әлеуетінің өсуімен халқымыздың әл-ауқатының жақсарады деді өңір басшысы. Жыл аяғына дейін аталған аудан әкімдеріне жұмысты ақсатпай, толық орындауға тапсырма берді.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:
2,5 ай қалды жыл аяғына дейін..Бүкіл көрсеткіштері барша әрекет жасаңыздар. Жаңа жұмыс жоқ. Барлық ресурас.. көрсеткіштерге кқол жеткізетіндей болыңыздар.
Биыл 23 мың азамат жұмысқа орналасты
Бұдан кейін жиын өңір тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесімен жалғасты. Жауапты ведомств басшысы биыл 23 мыңнан аса азамат жұмысқа орналасып, нәпәқа тауып отырғанын айтты.
Альмира Дисюпова, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарманың басшысы:
Бүгінгі күні ауыл ел бесігі жобалары құрылыс, көлік және жолдар бойынша көрсеткіштер толықтай орындалды. Облыстық төмен көрсеткіштер денсаулық сақтау,дене шынықтыру, білім беру басқармаларында байқалады. Жайлы мектеп ұлттық жобасы көрсеткіштер жеткізбеу қаупі бар. Бүгінгі таңда 255 жұмыс орны жоспарланып, бар жоғы 10 жұмыс орны құрылды.
Үшінші тоқсанда 11 жарым мыңнан астам адам екі қолға бір күрек тапты. Бұған қоса, ұлттық жобалар да орындалып келеді. «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын құру» бойынша 6303 жаңа жұмыс орны құрылды. Ақтоғай мен Ертіс ауданы көш бастап тұр. Төмен көрсеткіш Павлодар, Ақсу қалалары және Баянауыл мен Май аудандарында байқалады.Бұл мәселе қатысты өңір басшысы аудан және департамент басшыларын нақты тапсырма берді.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:
Сұрақтар бойынша келесіні тапсырамын.. облыстық басқарламалар қалалар мен аудандармен бірлесіп 2024 жылдың 15 желтоқсанға дейін жосапрлы жол картасын орындалу барысын қамтамасыз етсін.
Бұдан кейін Асайын Байханов, 19 қазан күні өңірімізде облыстық сенбілік өткізілетіні туралы хабарлады. Тазалық шарасына бірауыздан барлығы қатысып, жауапты тұлғаларды бұл жұмысты ұйымдастыруды тапсырды.
Әйгерім Тоқпанқызы