Павлодар іргесіндегі Ақсу қаласы Мәслихатының депутаттары ауыл шаруашылығындағы жерлерге салынатын салықты 50%-ға дейін көтеріп жіберген. Соған қарағанда халық қалаулылары заңды оқымайтын сияқты.
Себебі, еліміздің салық кодексінде аталған жер телімдеріне базалық мөлшерлеме көтерілмейді деп анық жазылған. Қазір фермерлер мен шаруа қожалықтарынан жиналған артық қаржы қайта есептеліп жатыр. Ол иелеріне қайтарылады.
Асхат Әтікеев, Павлодар облысы прокурорының көмекшісі:
Салықтың 10% дан 50% дейін көтерілуі заңсыз екені анықталды. Тек қана Ақсу қаласының пркуратурасының наразылығынан кейін осы қаулы өзгертілді. Және 700 ден аса кәсіпкерлердің құқығы қорғалып, олардың салық ставкесі төмендетілді.
Дәл осындай жағдай Баянауылда да болған. Қазір прокуратура тексеріп жатыр. Жақында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланып отырған 650 ден астам шаруаға салық ретінде жиналған артық ақшалары қайтарылады дейді бақылаушы орган өкілі.
Сабина Жолдаспаева