«Әнімді саған арнаймын, Қазақстан». Дәл осындай атпен 23-ші патриоттық әндер фестивалі өтті. Онда Ассамблея жастары, этномәдени бірлестіктер мемлекеттік тілде әндер шырқады. Дәстүрге айналған шара биыл да Республика күні өтті. Тілшіміз жалғастырсын.

Республика күні мерекесі - біртұтас Қазақстанның берекесі мен бірлігінің, әрбіріміздің туған өлкемізге деген шексіз сүйспеншілігіміз бен адал еңбегіміздің нәтижелі нышаны. Сондықтан бұл бағытта еңбек етіп жатқан азаматтардың еңбегі ерен. Осы орайда «Әнімді саған арнаймын, Қазақстан!» фестивалінің өтуі бекер емес.

Айнұр Раисова, облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары:

Осыдан 34 жыл бұрын Декларация қабылданып, дербес мемлекет болдық. Содан бері қарыштап дамып келе жатырмыз. Осы азамттар арқасында. Еңбектеріңіз зор. Осы қызметтеріңіз үшін көп рахмет сіздерге.

Алдымен ел игілігі үшін қызмет етіп жүрген жандар мереке күні мараптталды. Олардың қатарында Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Павлодар облысының атынан жоғары абройымен қатысып, халықаралық ГИННЕС рекордтар кітабына енуге батыл қадам жасағандары үшін «Аламан құрағын» жасаған өңірдің қол-өнершілері марапатталды.

Марина Мұхтарова, қолөнерші:

Аламан құрақ жобасының авторы Нұргүл ханым. АЛматыда тұрады. Бірдей көрпе тіктік. Астанаға жайған кезде үлкен көрпе. Рекорд кітабына ендік.

Шараның екінші бөлігі «Әнімді саған арнаймын, Қазақстан!» патриоттық ән байқауымен жалғасты. Айта кетейік, шара осымен 20 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді. Осы жолы фестивальға 10нан астан ұжым қатысты.

Облыстың барлық этно-мәдени бірлестік өкілдері ортаға шығып, өнерлерін көрсетті.

Болатбек Нұрбол, қатысушы:

Барлығы жақсы өтті. Фестиваль тамаша болды. Барлығының өнерлері күшті болды маған ұнады. Тамаша ұнады бәрі.

Айта кетейік, фестиваль соңында қала әкімінің атынан барлық этно-мәдени бірлестік ұжымдарына гранттар табысталды.

Самал Қалиқызы