Өңірде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпті жүргізуші» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Рейд барысында мас күйде рөлге отырған азамат ұсталды. Тәртіп сақшылары күдік тудырған «Лада Приора» автокөлігін тоқтатқан.
Көлікті басқарған азаматқа бірден медициналық тексеруден өту ұсынылды. Сараптама нәтижесі ер адамның есірткілік мас күйде болғанын көрсетті. Құжаттарды тексеру кезінде тағы бір заңбұзушылық анықталды. Белгілі болғандай, ол 2024 жылдың қазан айында мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен көлік басқару құқығынан айырылған. Жүргізушінің көлігі айыптұрағына қойылды. Қазір оған қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды ережені қатаң сақтауға шақырады. Мас немесе есірткілік күйде рөлге отыру – өз өміріңізге ғана емес, айналадағы адамдарға да үлкен қауіп төндіретінін ескертеді. Құқық қорғау органдары жолдағы тәртіпті бақылауды жалғастырады.
Сабина Жолдаспаева