3 желтоқсан - Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күні. Осыған орай, Шаһарда арнайы мерекелік шара ұйымдастырылды. Жиын «AMANAT» партиясының облыстық филиалы бастамасымен «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өтті. Басқосуда өмірлік кедергілерге қарамастан, өз еңбегімен биік белестерді бағындырған 16 азамат марапатталды. Оларға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.
Салтанатты жиынға партия филиалының басшылығы, мәслихат депутаттары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Қонақтар ерекше жандардың өңірдің дамуына қосып жүрген үлесін атап өтті. Оларға қолдау әрдайым көрсетілетінін жеткізді.
Асылбек Туғанбай, Павлодар облысы «Amanat» ПОФ төрағасы
Мүмкіндігі шектеулі жандардың мерекесі бұл сол кісілердің қоғамдағы орнына, қоғамның көңілін аударатын, қадір қасиетінің құқығын білдіретін ерекше күн. Біз Аманат партиясы осы мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықығы қорғалуына әрбір жобада жағдайларының жасалуына ерекше көңіл аударамыз. Мереке құтты болсын.
Бұл кездесу табандылығы мен еңбегі арқылы үлгі болып жүрген азаматтарды құрметтеуге арналды. Шара барысында спорт, өнер, білім, қоғамдық және кәсіби салада жетістікке жеткен 16 азамат марапатталды. Оларға алғыс хаттар мен арнайы наградалар табысталды.
Талғат Смағұлов, Екібастұз қаласының тұрғыны
Бірінші рет келіп тұрмын осы аманат партиясына. Осы мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелерін шешеді деп ойлаймын. Мен өзім зейнеткермін. Жастарға қазір жақсы мүмкіндіктер беріліп жатыр. Осындай үстелде отырғаныма қуаныштымын. Тезірек бәрі шешіледі деп ойлаймын. Спортпен шұғылданып қазір стипендия аламын. Тағы қосымша пособие бола ма деп сұрайын деп едім. Пенсия аз. Стаж ештеңе жоқ. Соны шешеді деп ойлаймын.
Кездесу ризашылыққа толы өтті. Қатысушылар еркін әңгімелесіп, өздерінің жетістіктері мен өмір жолындағы қызықты оқиғаларымен бөлісті. Бір-біріне ізгі тілектерін айтып, алдағы жоспарлары жөнінде айтты.
Сабина Жолдаспаева