Өңір басшысы «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Павлодардағы филиалына жаңа жайлы автобус кілтін табыс етті. Айта кетейік, бұдан бұрын жергілікті билік қоғамдық бірлестік мүшелеріне қала ішінде қатынауы үшін көлікпен қамтамасыз етуге уәде берген болатын. Берілген серт орындалды.

Кең, жайлы, заманға сай көлік демеушілер қолдауымен сатып алынған. Бұл арқылы бірлестік мүшелері арнайы көлік күтпей-ақ діттеген жеріне жеке автобуспен жете алады. Автобус кілтін табыстай келе облыс әкімі өз кезегінде бірлестік 1200 орындық мектеп салу үшін жер телімін бергені үшін алғысын білдірді.

Айта кетейік зағип жандар қоғамдастығы 60 жыл бұрын құрылған. Бірлестік қоғамдық жұмыстарға араласып, өнеркәсіп мекемелеріне қосалқы бөлшектер жасап, ел экономикасының шарықтауына септігін тигізіп келеді.

Әйгерім Тоқпанқызы