Достық үйінде «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» және «Салауатты сана» республикалық жобаларын жүзеге асыру шеңберінде үшінші мәрте «Бесік жыры» байқауы өтті. Қатысушылар өз ана тілінде бесік жырын орындап, баланы бөлеу ырымын көрсетті. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Байқауға облыстың қалалары мен аудандарынан, Қазақстан халқы ассамблеясының аналар кеңесі және этномәдени бірлестіктері мүшелері қатысты. Байқау ережесіне сай қатысушылар өз ана тілінде бесік жырын жеке, дуэт, трио немесе 6 адамнан аспайтын вокалдық топта өнер көрсетті. Барлығы 16 қатысушы бақтарын сынады.

БАЯН ТАҚСАНБАЕВА, ПАВЛОДАР АУДАНЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Бәріміз Республика бойы мәдениетті ана мәдениетті ұлт проектпен жұмыс жасап жатырмыз. Соған орай біз осцындай шара өткізіп жатырмыз. 00:41

Бесік жыры деген әр ананың айтатын әні. Бір жағынан бесік салу рәсімін көрсетеді. екіншіден осы жұсы әнде қазақша бесік жырын көрсетеді. Қатысушыр көп, өйткені облыс бойы қаладан ауданнан келетін адамдар бар. Ақтоғай бар, Шербақты бар, біздің Павлодар ауданы, Екібастұз, Ақсу қаласынан келді.

Әр қатысушы қазақтың ұлттық мәдениетіне тән «Бесік жырын» орындады. Ұлттық киімдер киіп, сахнаны ерекше сәндеп, өз өнерлерін көрермендерге паш етті. Байқау барысында аналардың орындауындағы бесік жырлары ерекше әсерлі болды.

ҮМІТ ЫБЫРАЕВА, ҚАТЫСУШЫ (АҚТОҒАЙ АУДАНЫ)

Қазақта бесік жыры домбырамен айтылады. Немесе анасы жай ақырын анасы айтып отыру керек. бұл айғалап айтатын ән емес. Сондықтан мен домбырамен өзім осы әнді дайындадым. Әннің сөзі халыктікі, әні өзімдікі. Соған әдилеп дайындадым ән шығарып. Сосын бізде қазақтарда жақсы бір ырым бар. Бос бесікті жай тербетуге болмайды. Оның ішінде жанды бала боллса ғана тербетуге болады. Сондықтан біз жай ғана бесікке салу ырымын жасадық.

Шара соңында байқау жеңімпаздарына дипломдармен мен сыйлықтар табысталды. Ал қатысушыларға Аналар кеңесі атынан алғыс хаттар ұсынылды. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осындай рухани-мәдени шаралардың жалғасатынын атап өтті.

Сабина Жолдаспаева