Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған «Аңсаған Сәби» бағдарламасы 2021 жылы басталды. Арнайы жоба бала сүйгісі келген қазақстандық жұбайлардың мәселесін шешуге арналған. Бұл бағдарлама біздің өңірде қалай жүзеге асып жатыр? Алдағы сюжеттен көріңіз.
Қазақстанда әрбір алтыншы ерлі-зайыпты сәби сүюге қауқарсыз. Ал, бұл статистика да жыл сайын өсіп келеді. Павлодар облысында 2000-ға жуық адам экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасын алуға кезекте тұр, биыл облысымызға 266 квота бөлінген.
ГЮЛНАР ЖАРМАҚИНА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Соңғы 4 жылда біз өз азаматтарымызға көп мөлшерде квота бере алдық. Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, бедеулік мәселесі бар ерлі-зайыптыларға республика бойынша 7 мың квота, ал біздің облысқа 2021 жылдан бастап 290 квота бөлінді. Әрине, уақыт өте демографиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты олардың саны азаяды, ерлі-зайыптылар саны өзгерді, ұрпақты болу жасындағы халық саны өзгерді...население фертильного возраста
«Аңсаған Сәби» бағдарламасы іске қосылғалы бері Павлодар облысында 272 бала дүниеге келген. Оның ішінде 3 бірдей егіз жарық дүниеге қадам басыпты.
ГЮЛНАР ЖАРМАҚИНА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Биылғы жылы бізде оң нәтиже көрсеткен 84 жұп бар. Осы күнтізбелік жылы ешкім босанбағанымен, бағдарламалар ақпан-наурызда басталады. Жұбайлардың 103-інде теріс нәтиже тіркелді. Қалған 79 жұп нәтижерерін күтуде... пар в режиме ожидания
Репродуктивті денсаулық сақтау сапасын жақсарту, сондай-ақ сәби сүюге мүмкіндігі төмен жұбайлардың санын азайту үшін Павлодар облыстық ауруханасында гинеколог-репродуктолог және уролог-андролог кабинеті жұмыс істейді.
АЛМА КАТПИНА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ОТБАСЫ ДЕНСАУЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ РЕПРОДУКТОЛОГЫ
Ерлі-зайыптылар отбасын жоспарлау және сәби сүйе алмау мәселелері бойынша тегін кеңес ала алады. Сондай-ақ бізде ЭКҰ бағдарламасына көрсеткіштер анықталады. Айта кетерлігі, ЭКҰ үшін бастапқы іріктеу квота бойынша жүргізіледі
Сіз міндетті медициналық сақтандыру аясында ЭКҰ бағдарламасына тегін қатыса аласыз. Ол үшін әйел тұрғылықты жері бойынша босану емханасына барып, облыстық ауруханаға жолдама алып, мамандардан кеңес алуы керек. Осылайша, әрбір ерлі-зайыпты, ата-ана бақытына кенелуге мүмкін ала алады.
Жанасыл Серікбол