Тақырыпты жалғастырсақ. Сүт өнімдерімен қоса өңірде тауық еті мен жұмыртқа қымбаттаған. Азық-түліктің 5 түрі бойынша құны орташа есеппен 1,5 пайызға өскен. Сөредегі тауар бағасын саралап қайтқан тілші әңгімесінде.

Бүгінде бірінші кезекте тұтынатын тауарлардың 9 түрі бойынша баға республикалық деңгейден сәл төмен дейді сала мамандары. Бірақ халық тұтынатын 5 тауардың құны күрт өскен.

  РАШИД ҚОҚЫШЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бағаның өсуі статистикалық деректерге сәйкес бүгінше Павлодар обл бойынша тауық еті, сүт 2,5 пайызға айран 2,5, сүзбе, сары май. Тауық етінің бағаның өсуі негізгі себебі бағаны төмендету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ арзандаған өнім де бар. Қарақұмық 159 теңгеден 158 теңгеге яғни, 1 теңгеге арзандаған. Сәбіз 109 дан 105 теңгеге төмендеген.

Бірақ бұқара, азық-түлік апта сайын қымбаттайтынын айтады.

Әйгерім Тоқпанқызы