Аймағымызда ақұлпа қар жауды. Өңірде мың текше метрден астам қар шығарылған, жалпы көшелер қалай тазаланып жатыр? Алдағы материалдан көрейік.
Қар күреу жұмыстарын тазалау үшін екі мердігер ұйыммен келісімшарт жасалған. Қазір өңірде қар күреу жұмыстары толассыз жүргізілуде. Толассыз жауған қар мен көктайғақ жағдайында жол кәсіпорындарынан жалға алынған 50 автосамосвал мен 8 тиегіш қосымша жұмылдырылады.
АЙНҰР СӘДУАҚАСОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ
Кептелістерді болдырмау мақсатында бірінші кезекте қарқынды қозғалыс учаскелері, тротуарлар мен әлеуметтік нысандарға кірме жолдар тазартылады. Көшелерді қардан тазалау барысында күндізгі уақытта 150-ге жуық техника, ал түнгі уақытта 50-ден астам техника жұмысқа жұмылдырылған. Жалпы қала сегіз шағын ауданға бөлінген, әрқайсысы өздеріне бекітілген арнайы техникалармен қамтамасыз етіледі. Алдымен көктайғаққа қарсы материал себіліп, жолдар щеткамен тазартылып, қар шығарылуда. Қазір 1000 текше метрден астам қар шығарылған
Сондай-ақ, тұрақты түрде қала көшелеріне құм себу жұмыстары жүргізіліп жатыр, қыс маусымына барлығы 28 мың тоннаға жуық құм дайындалған.Қазірдің өзіңде шаһарда 1000 текше метрден астам қар шығарылды.
Қымбат Садық