Павлодар қаласының жас спортшылары Бахрейн елі Манама қаласында Дүниежүзілік чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Турнирде әлемнің түкпір-түкпірінен келген мықты спортшылар жиналды, ал павлодарлық боксшы өз салмағында жоғары деңгейде өнер көрсетті.

23-31 қазан аралығында Бахрейн елінде өткен бүкіләлемдік бокс чемпионаты спорт әлемінде үлкен маңызға ие болды. Павлодар облысының боксшысы осы чемпионатта өзінің жоғары шеберлігін көрсетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

АҢСАҒАН РАЙ, БАПКЕР

Бұл Бахрейн жайында бұл бүкіләлемдік балалар арасында гимназияда. 4 жылда 1 лет өтеді. Бұл мемлекетте 741 мемлекет жиналды. Қатысушылар саны әртүрлі спорттан 5400 қатысушы болды. Боксқа келетін болсақ боксқа 17 мемлекеттен қатысты. Біздің салмақ 63 кг салмақты ойнаймыз. Біздің салмаққа 12 мемлекет қатысты.

Бокстың нәтижесіне үлкен әсер еткен жаттықтырушы, спортшының жеңіс жолындағы ерік-жігері мен адал еңбегін ерекше атап өтті. Бапкердің айтуынша, бұл турнирге дайындық кезеңі өте қарқынды және күрделі болды.

Боксшы 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ол бұл жеңістің өз өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі екенін атап өтті. Спортшы дайындық кезеңінің қиындығына да тоқталып өтті.

Сондай-ақ, боксшы алдағы жоспарларымен де бөлісті. Оның сөзінше, бұл жүлде тек бастамасы. Ол халықаралық аренада Қазақстанның намысын асқақтатуды жалғастырып, жаңа биіктерге жетуге талпынатынын айтты

Айта кетейік, алдағы уақытта 2-9 желтоқсан аралығында Ақтау қаласында Қазақстанның біріншілігі өтеді. Павлодар облысының боксшысы осы жарысқа тыңғылықты дайындық үстінде.

Сабина Жолдаспаева