Павлодарда «Сарыарқа самалы» газетінің жүлдесі үшін ұйымдастырылған Республикалық тоғызқұмалақ додасының жабылу салтанаты өтті. Жалпы 50-ге жуық қатысушы жүлдеге ілікті. Әріптесіміз жеңіс тұғырынан көрінген спортшылармен жүздесіп қайтты.

Ұлттық құндылықтарды спорттық ойындар арқылы жастардың бойына сіңіру әлем бойынша маңызды орынға ие. Өңірімізде зияткерлер ақыл-ой додасында екі күн бойы бақ сынап мықтыны анықтады.

АЗИЗА КҰЛБАЕВА, ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ

Терең ақыл-ойды дамытатын ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақ. Сайыс жақсы өтті. Жаңа деюттарды талдап, оларды бәрімен ойнап, олар білген жоқ қандай дебюттарды ойнаймын және ұтылып қалды. Бірінші 6 турда ойнап ұтып жетінші турда жеңіліп қалдым. Сосын екі турды жеңдім.

Білгірлер бәйгесінде 40 медаль сарапқа түсті. Одан бөлек үздік ойыншыларға жұбаныш сыйлығы да ұсынылған. Жалпы, 52 қатысушы жүлделі болды.

НҰРБОЛ ЖАЙЫҚБАЕВ, «SARYARQA SAMALY» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКТОРЫ

Бұл енді жыл сайын осындай чемпиондар шығып жатады. Кез келген үміткер қатыса беретін ойын. Сондықтан кейде чемпиондар жеңіліп қалып. Жаңадан келген қатысушылар жеңіп жататын сондай жағдайлар болады.

КТМ: Ұлттық ойын ел бойынша 8 жастан 16 жас аралығындағы қатысушыларды қамтыды. Марапаттау рәсімінде өрендердің бапкерлері де алғысқа ие болды.(2443)

САҒИДОЛЛА ШАХМАНОВ, АРДАГЕР СПОРТШЫ

Енді бұл Сарыарқа самалы газетінің 16 туринирі өтіп жатыр. Жеті облыстаң келіп отыр. Бұл енді дана бабалардан қалған ойын ғой. Тарихы 4 мың жыл тарихы бар.

Биыл ұйымдастырылған сайыста қатысушылардың саны өскен. Ел бойынша 350-ден аса спортшы көшпенді қазақ ойынына жиналған. Дода қатысушылары сайыстан ерекше әсер алғанын айтты.

АЙЯ ҚАРКЕН, ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ

Бұл жарыстан мен 3 орын алдым. Бұл жарыс маған өте ұнады.

ХАБИБА САПАР, ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ

мен жарысқа келген 1 турда бірінші ойнағанда оны ұттым, сегіз турды ұттып бір рет ұтылдым.

Айта кетейік, бір ғана ойында қазақ халқының болмысын, салт-дәстүрін сыйдыра білген ойынның маңызы қашанда зор. Тоғызқұмалақ ойын ғана емес, баға жетпес ұлттық қазына.

Байтұрсын Жұмабай