Заманауи педагогикалық тәжірибені қоғамдастыру және танымал ету. «Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы белгілі болды. Енді жеңімпаз ұстаздар байқаудың республикалық кезеңіне қатысады.
Биыл «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Павлодар филиалы қабырғасында «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының жүлдегерлері мен жеңімпаздарын марапаттау шарасы бесінші рет өтуде. Бұл байқау әрбір қазақстандық мұғалімге 12 бағыттың бірінде бейнеролик немесе өзгеде тәсіл арқылы өзінің төл педагогикалық идеясын көрсетуге мүмкіндік береді. Жарысқа 280 адам қатысып, оның 50-і жүлдегер атанды.
Конкурс бағыттарының ішінде оқу суаттылығы, ерте суаттылық, жаратылыстану суаттылығы және цифрлық суаттылық бағыттары ең танымал болды. Жеңімпаздар әр бағыт бойынша жеке-жек анықталды. Қатысушылардың жұмысының өзектілігіне, дәлелділігіне және қорғау кезіндегі сөз саптау мәнерлеріне де басымдық берілді.
КСМ: Қазылар алқасының бағалауы нәтижесінде жеті мұғалімнің бес конкурстық бейнеролигі 1 орынға ие болды. Дәл солар байқаудың республикалық кезеңінде облысымыздың намысын қорғайды.
Жанасыл Серікбол