16 қыркүйектен бастап Павлодар облысында «Учаске» жедел-профилактикалық шара өтіп жатыр. Полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Жалпы 9 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Ауылдық жерлерде қыстаулар, шаруа және фермер қожалықтары тексерілді. Полиция тұрғылықты жері жоқ адамдар мен заңсыз келген шетелдік азаматтарды анықтады. Нәтижесінде 2542 адам көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

РУФАТ КЕНЖИН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ПОЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ

Облыс аумағында жедел профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шара аясында 316 мыңнан астам пәтер мен тұрғын үй тексерілді, сондай-ақ 7000-ға жуық қару иесі бақылаудан өтті. Ауылдық жерлерде шаруа қожалықтарына ерекше назар аударылып, тексерістер күшейтілді. Сонымен қатар, заңсыз келушілерді, белгісіз тұлғаларды және тіркеусіз жүрген шетелдік азаматтарды анықтау жұмыстары жүргізілді. Барлығы 9 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 00:49

Айта кетейік, «Учаске» жедел-профилактикалық шара 15 желтоқсанға дейін жалғасады. Павлодар облысының полиция департаменті азаматтарды жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауға шақырады. Бұл шара тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау үшін қолға алынып отыр.

Сабина Жолдаспаева