Облыс әкімдігінде өңір басшысының қатысумен аппараты жиын өтті. Күн тәртібінде тұрғын үй құрылысы, ақпаратты технологиялардың дамуы жайында мәселе қаралды. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Жиналыс, елімізде соңғы уақытта жиілеп кеткен, газ жарылысы түйіткілінен басталды. Газ баллондардың жарылу себептері көп. Бірақ, ең негізігісі, әрине, қауіпсіздік ержелерінің ескерілмеуінен болып отыр. Асайын Байханов осы салаға жауапты тұлғаларға ауыл аймақты аралап, тұрғындарға қауіпсіздік шараларын түсіндіруді тапсырды.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Өңірімізде, әсіресе, жеке секторда газ баллондардың жарылуына байланысты өрт оқиғалары жиі кездесуде. Тұрғындардың жанар май бекеттерінде толықтыру фактілері тіркелген. Негізі бұл заңмен тыйым салынған нәрсе дегенменде осындай оқиғалар бар. Бұл бағытта алдын алу, ақпаратты жұмысты күшейтіңіздер.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ҚАРҚЫНЫ ҚАЛАЙ?

Бұдан кейін күн тәртібіне бекітілген- тұрғын үй салу қарқыны қаралды. Өңірде республикалық бюджет есебінен салынып жатқан пәтерлердің құрылысы ақсап тұр. Әсіресе, Успен, Тереңкөл және Ертіс аудандары бұл межеден қалып отыр.

АСҚАР АЖМҰРАТ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Тұрғын үй құрылысы екі бағыт бойынша жүзеге асырылады. Жалға беру, сатып алу, және кредиттік тұрғын үй салу. Осы бағытта іске асыруға 18,6 млрд теңге көзделген. Көп пәтерлі үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Ол Ертіс ауданы, Тереңкөл ауданы және Успен ауданында. Үшеуінен қарағанда Успен ауданында қауіп бар. Өйткені құрылыс қарқыны орташа .. Тереңкөл және Ертіс ауданында.

Кезекте тұрған мұқтаж жандарға 212 пәтер берілуі тиіс еді. Қазынадан бұл үшін 3 миллиард теңге бөлініпті. Бірақ қазір тек 35 пәтер сатып алынған екен. Өңір басшысы жергілікті атқамінерлерге тапсырма жүктеді.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Аудан әкімдері қолдарыңызға қолқап киіп, етік киіп сол құрылыстың басында жүрсеңіздерде бұл үйлерді бәрін толықтай аяқтау керек. Аяқтап, сатып алу рәсімдерін атқарып, тұрғындарға көптен бәлен жыл күтіп жүрген кезектерін бұл баспапаны тапсыру керек. Бұл жылдың басында сіздерге қойылған мақсат. Тапсырма.

Облыс әкімі, бұл үйлердің құрылысына облыстық бюджеттен бір тиын бөлінбейтінін айтты. Сондай-ақ қаражат жыл соңына дейін игерілмей, азаматтар ансаған пәтерлеріне қол жеткізбесе, онда қойылған міндеттерді орындамаған аудан әкімдері жауап береді деп жеткізді.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бюджеттік комиссияға келген кезде барлық аудан әкімдері келеді бюджеттік өтінімдерімен. Сүттен ақ, судан таза болып, бәрінде жасаймыз. Бізге қаражат беріңіз халық тұрғын үйді сұрап жатыр. Баспасы жоқ, қиындық көріп жүрген отбасыларымыз көп деп біз осы мемлекеттік қаражатты бөлеміз де ..сонда бірге жүруіміз керек пе сонда. Түсінбедім мен оны. Қатаң шаралар қолданылатын болады. Жоспарды орындамасаңыздар.

Айта кетейік, жыл басынан аймақта 296 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылған екен. Бұдан соң, жиынның екінші мәселесі қаралды. Ақпаратты жүйенің дамуы, заман талабы. Қазір өңірде бірнеше жоба жүзеге асырылып келеді. «Смарт Павлодар», «Қауіпсіз қала», «Ақылды қала» бағдарламаларының арқасында бейнебақылау, ғаламтор желісі қолжетімді болып, қоғамдық орындарда болады.

Келер жылы қоғамдық орындар мен көшелерде полиция департаментіне жалғаған бейнебақылау камералары орнатылады. Бұл өңір тұрғындарының қауіпсіздігі арта түседі деген сөз.

Әйгерім Тоқпанқызы