6 жастағы жерлесіміз Хадия Қонаева джиу-джитсудан әлем чемпионы атанғанын бұған дейін айтқанбыз. Әлемді бағындырған балдырғанды облыс әкімі Асайын Байханов қабылдады. Онда Президенттің құттықтауы табысталды.
Хадия Қонаева Екібастұз қаласындағы «SAM TEAM» клубында жаттығады. 6 жастағы жерлесіміз бұған дейін көптеген қалалық турнирлерде биік нәтиже көрсеткен. Ал, Біріккен Араб әмірлігінің астанасында өткен жарыста өзінің тамаша дайындығы мен техникасын көрсете білді. Қабылдау барысында Асайын Байханов президенттің құттықтауын табыстады.
Шара аясында Хадия Қонаеваның бапкері өзінің клубында 100 ге жуық адам жаттығатындығын, бұқаралық спорттың дамуына ат салысып жатқандығын айтты.
Жанасыл Серікбол