Интернет алақтығы бүгінде қоғамда кең таралған мәселе. Құзырлы органда қарсы күресті күшейткенмен, тұзаққа түсушілер әлі көп. Бүгін бұл мәселе қоғамдық кеңесте қаралды.

Интернет алаяқтыққа қарсы күрес бүгінде полиция департаментінің негізгі мақсатына айналды. Қоғамдық кеңес алдында да бұл бағытта қандай алдын-алу жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылды. Киберқылмысқа қарсы қызмет өкілдерінің айтуынша, ең басты кілтипан қаржылық суаттылық пен қарым-қатынас негізінде жатыр.

Павлодар облысында жыл басынан 1200 түрі тіркеліпті. Оның 300 ге жуығы ашылған. Интернет алаяқтықтың тіркелуі биыл біршама артқан.

Ең бастысы кез-келген қоңырауға сенбей телефон арқылы айтылған ақпараттың растығына көз жеткізу.

Жанасыл Серікбол