Өңіріміздегі аса маңызды шаруашылық насындардың бірі «Сәтбаев атындағы канал». Жарты ғасырдан астам уақыт бойы халықтың игілігінде. Ал, каналдың қазіргі ахуалы қандай? Жөндеу жұмыстарына қаншалықты мұқтаж? Алдағы материалымызда.
Каналды негізінен, Қарағанды және Павлодар облыстарының тұрғындары ішінара, қажет болған жадайда Ақмол обылсының халқы да пайдаланады. Каанл әсіресе ауыл шаруашылығы үшін аса маңызды. Халық игілігіне жарты ғасырдан бері жұмыс істеп келе жатқан нысанның жағдайы қазіріг уақытта қанағаттанарлық жағдайда деп бағалануда.
Каналды жағалай қоныстанған елдімекендер шаруашылықтарына қажетті судың барлығын осы жерден алады. 2024 жылы ауыл шаруашығы тауарларын өндірушілермен 37 шарта қол қойылыпты. Оның 34-і Павлодар, үшеуі Қарағанды облысындағы шаруалар.
Негізі канал аумағында 107 мың гектарға дейінгі суармалы алқапты ылғалмен қамтуға мүмкіндік бар. Әу бастағы қуаттылығы осы шамада болған. 1989-жылдарға дейін осы көлемді сумен іс жүзінде қамтыған. Алдағы уақытта бұл қуаттылыққа қайта жету үшін бауқымды жөндеу жұмыстары доспарланған.
Сонымен қатар, жиында көптен бері қолға алынып, соңына жетпей келе жатқан Ертіс-Успен каналының жайы да сөз болды. Бес кезеңдік жұмыстың үшінші және бесінші кезеңі биыл тапсырылатын көрінеді. Ең қиыны төртінші кезең аяқталып, келесі көктемде пайдалануға беріледі деп сендірді.
Жанасыл Серікбол