Тереңкөл ауданында кәсіпкерлік саласы өркендеп келеді. Аудан орталығының тұрғыны Наталья Маршинина сұлулық салонын ашып, шаштараз қызметін ұсынып отыр. Экранға зер салайық.

 Ауданда бизнес әлеуеті дамып келеді. Бірі дүкен ашып, ісін дөңгелетсе, енді бірі шаштараз ашып, нәпәқа тауып отыр, Наталья Маршинина, Тереңкөл ауданында туып, өсті. Павлодар қаласында «Парикмахер-визажист» мамандығын меңгеріп, ауылына оралады. Сүйікті ісіммен айналысуды қолға алады. Салон ашып, ішін қажетті құрал жабдықтармен жабдықтаған.

НАТАЛЬЯ МАРШИНИНА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

13 жылдан кейін жолдасымыз екеуіміз өз ісімізді аштық. Өз қаражатымызға тұрғыздық, Өмірлік серігім күндіз мемлекетке қызмет етсе, түнде салонға келіп құрылысын жүргізді.

Шаштаразға келген келушілерге заманға сай қызмет көрсетіледі. Қажетті құралдардың барлығын бар. Бұған қоса, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Мұнда бетті әрлеп, маникюр жасайтын мамандар еңбек етеді.

НАТАЛЬЯ МАРШИНИНА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

Қыз-келіншектердің шаш үлгісін жасаймыз. Шашты сәнді етіп қиюмен қатар ерлердің де шашын алуды меңгердік. Енді келешекте ісімізді кеңейтуді жоспарлап отырмыз.

Шаштараз қызметін ауылда пайдалану ауыл тұрғындары үшін үлкен көмек. Бұрындары облыс орталығына уақыт бөліп, арнайы шаштаразға баратындар енді ауылдағы шебердің қызметін пайдаланады. Ауданда үлкен сұранысқа ие кәсіп түрін табыс көзіне айналдырған жас кәсіпкердің келешекке жоспары көп.

Әйгерім Тоқпанқызы