Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған 2011-2012 жылғы жасөспірімдер арасында волейболдан ашық облыстық турнир басталды. Бұл жарыс жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады және биыл 16-рет өткізіліп отыр.

 Турнирге Павлодар облысының намысын қорғаушылармен қатар, өзге қалалардан келген жас спортшылар да жарыс алаңына шықты. Турнир барысында командалар бір-біріне қарсы тұрып, әр ұпай үшін тартысты ойын көрсетуде. Жарыстың басты мақсаты-жасөспірімдердің спорттық шеберліктерін шыңдап, алдағы Қазақстан чемпионатына дайындық жүргізу.

ТАЛҒАТ ҚАСЫМОВ, БАС ТӨРЕШІ

Бүгінде бізде жыл сайын өтетін турниріміз жасөспірім ұлдар арасында Қазақстан тәуелсіздігіне арналған турниріміз. Биылғы турнирде 8 команда қатысып отыр. Түркістан, Астана, Курчатов, Екібастұз,Баянауыл,успенка және өзіміздің қаламыздың 2 командасы қатысып отыр. Ойындар тартысты өтіп жатыр. Енді қаңтар айында Қазақстан чемпионаты болады сол чемпионатқа жақсы дайындық ретінде осы жарыс өтіп жатыр. Жақсы қызықты ойындар болады деп ойлаймын.

Айта кетейік, турнир 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Қорытынды кезеңде үздік командалар мен спортшылар анықталып, жүлделер табысталады.

Сабина Жолдаспаева