Тереңкөл ауданында «Сейділда Хазірет және тарих тағылымы» атты облыстық ғылымыи конференция ұйымдастырылды. Шара аясында дін ғалымы Сейділда Хазіреттің өмірі мен қызметі, өмір сүрген уақытындағы тарихи кезең жайлы баяндалды. Тарихи және рухани тағылымы мол шарадан тілшіміз тарөатсын.

Конференция аясында Сейділда Хазіреттің руханият жолына сіңірген еңбегі, дін жолындағы қызметі туралы кеңінен айтылды. Өзінің заманында қоғамға қажет ағартушылық қызметті де қатар алып жүрген тұлға екендігі баяндалды. Ел ішінен шығып, есімі халықтың жүрегінен орын алған қадірлі тұлғаны тану жолындағы ғылыми жиын барысында хазіреттің өзге де көпке шапағат берген істері жеткізілді.

ҚАЙРАТ АЛТАЕВ, ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Сейділда Хазірет Түйтөбекұлы қаншама шәкірт тәрбиелеп соңында өшпес мұра қалдырған, ел жұртына қайыр шапағаты мол тиген. Өзінің емшілік, көріпкелдік қасиеттерімен көзі тірісінде әуиле атанған ұлы тұлға. Өмір бойы имани құндылықтармен тәрбиелеумен қатар, бауырластарының жаны мен тәнін сауықтыруда да жәрдемші болған.

Емші, көріпкел, әулие, дін қайраткерінің өмір жолы мен еңбегін тану жолында соңғы жылдары бірқатар шаралар легі кеңінен атқарылды. Зерттеу жұмыстары жүргізілді. Ағартушы тұлғаның атын көпшілікке таныту міндеті алға қойылды.

ҚАЙРАТ АЛТАЕВ, ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Сейділда хазірет бабамыздың еңбектерін зерделеумен қатар, архив құжаттарына сараптама жасадық. Ол осы залда отырған ғалым ағаларымыз бен апаларымыздың арқасы. Ғалымдардың ғылымыи еңбектері мен мақалары, арнайы жазылған кітап та жарық көруде. Бұл үлкен мақтаныш.

Сейділда қазіреттің еңбегі ел аузында молынан жетті. Халық әркез өзіне жақын жанды жүрегінің түбінде сақтап, есімін ұрпаққа мұра етеді. Елдің осынау құрметі Сейділда хазіретке де арналды. Сонымен қатар, хазіреттің ғұламалығынан хабар беретін қағаз деректер де жеткілікті.

АЙТМҰХАМЕТ ТҰРЫШЕВ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР

Сейділда Түйтебекұлының 16 беттік қолжазбасы ол бері жағы. Архивті қарасақ бұндай адамдардан өте көп мұра қалған. Ол архивте бар жоғалмайды. Дұғаға қатысты, өртке қатысты қолжазбасы сақталған ғой. Сосын 12 пәнді айтып отыр. Бұл деген керемет. Сол кезде оқытылған. Соның бірі шешендік сөз. Бұл кісілердің барлығы Бұхарда, Уфадағы Ғалия медресесінде оқыған. Онда ұлы деген атақ береді. Онда мыңдаған адамдар бітірген.

Сейділда Хазіреттің шын есімі Шаһидолла. Араб тілінің негізінде қойылған есімді бүгінгі ғалымдар осылай оқыған.

ӘДІЛБЕК ӘМІРЕНОВ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ПРОФЕССОР

Құжатта арабша өзі атын жазыпты. Сонда Шаһид деп созылыңқы и арқылы жазылыпты. Яғни, Алланың құрбаны. Қазақ тілінің сөйлеу тілінің бір ерекшелігі біз шеттен енген сөздердің барлығын өз тілімізге бейімдеп аламыз. Бұл кісіні діни қайраткер деп айтуға толық айтуға мүмкіншілігіміз бар. Сол кездегі дін қайраткерлері сонымен қатар ағартушы міндетін атқарды.

Өйткені, ол кезде өмір сүрген халықтың көрнекті өкілдерінің тағдыры тарих доңғалағының кері айналып, керзаман орнаған тұсына тап келді. Сондықтан, әрқайсысы өз қолында бар білім арқылы ағартушылық, қайраткерлік жолға түскендігін айытты ғалымдар.

ҚАНАТ ҚАБАЕВ, МӘШҺҮР ЖҮСІП МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ

Адамның толық болуы үшін еліміздің мықты азматы болу үшін адам төрт нәрсені жақсы білуі керек екен. Ең бірінші дінін. Екіншісі өзінің тарихын. Сосын тілін, дәстүрін жақсы білетін болса ол толық адам, кемел адам болады дейді.

Тарихын танып, дәстүрін түгенген шараға жиналған жүртшылық хазірет жайлы «Шаһидолла шапағаты» кітабының тұсаукесер шаарсын да куә болды.

Шара әрмен қарай концерттік бағдарламаға ұласты.

Жанасыл Серікбол