Павлодар облысында алғашқы рет мемлекеттік қызметшілер арасында дебат өтті. 3 раундта қатысушылар түрлі тақырыпта пікір таласты. Мемлекеттік қызметшілер үшін дебаттың маңыздылығы қаншалықты? Тілшіміз айтсын.

Мемлекеттік басқару саласында конструктивті диалог, пікір алмасу мәдениеті өте маңызды. Әсіресе мемлекеттік салаға жаңа келген мамандар үшін бұл аса қажет. Осы ретте мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Қызмет кап Павлодар» өңірлік дебаты алғаш рет өтіп отыр.

РУСЛАН ИМАНҚҰЛОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Дебаттық турнирге қалалық, аудандық, облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері қатысуда. Дебаттың мақсаты мемлекеттік қызметшілердің ой қабілетін дамыту. 1,2,3 орындармен марапатталады. Өзіміз ойлаймыз келесі жылы жалғасын табады деп.

Дебатта қазақ, орыс тілдерінде жалпы 24 команда болды. Әр командада екі адамнан. Дебаттық турнир 3 раундтан тұрды. Британдық парламенттік форматта өтті. Оған аудан, қала, облыс деңгейіндегі 48 мемлекеттік қызметшілер қатысты.

АСПАНДИЯР ҚАЙРОЛЛА, МАЛАЙСАРЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Павлодар кап мемлекеттік қызметшілер арасында өтіп жатқан дебаттық турнирге келіп жатырмыз Май ауданынан. Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне осы шараны ұйымдастырғанына алғыс білдіремін. Себебі кез келген жұмыстың алға басыуына осындай пікірталастардың септігі зор деп білемін.

Пікірталаста еліміздегі қазіргі уақытта өзекті мәселелерді қарастырылды. Оның ішінде лудомания, кадр тапшылығы, бюрократия, мемлекеттік органдардың ашықтығы талқыланды.

ТЕМІРБОЛАТ ҚАСЕН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МЕН БАНК ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Мемлекеттік қызметте жүрген жастарға айтарым, мемлекеттік қызметте 30 жылдан артық жұмыс жасадым. Бұл мемлекеттік қызметтен қорқатын ештеңе де жоқ. Оған басты себеп өзінің ынтасы, көзқарасы. Еліміздің өсіп өркендеуіне әрбір ел азаматтары үлес қосып жатқанда еліміз дамымығанда қайтеді. Сырттан келіп біреу бізге қызмет жасап бермейді. Өзіміздің ішіміздегі барымызды тәрбиелеп, сол жастарымызды өркендеп өсірсек. Келешекті ұрпағының ойлағаны деп санаймын.

Шара соңында 1,2,3 орындармен қатар үздік спикер анықталды. Қатысушылар алғыс хаттар, кубоктар және бағалы сыйлықтар марапатталды.

Самал Қалиқызы