«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының вагон паркі Петропавл қаласындағы отандық зауытта өндірілген 50 жаңа жолаушылар вагонымен толықты. Заманауи вагондар «Павлордар-Алматы» бағыты бойынша қатынайды. Су жаңа составтың сапарғы шыққан алғашқы қадамына біздің түсірілім тобы да куә болды.
Жаңа вагондар заманауи, халықаралық талаптарға сай жасалған. Жолаушылар сапарының жайлы өтуі үшін барлық мүмкіндікті қарастырдық деді «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы. Жаңа вагондарды аралап көрген облыс әкімінің бірінші орынбасары да жоғары бағасын берді.
СЕРІК БАТЫРҒОЖИНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Жерлестер, қадірменді қонақтар, баршаңызды жаңа жылмен құттықтаймын! Құрметті жерлестер, жаңа жылда жақсы жаңалықпен жүздесіп отырмыз. Облыс көлемінде инфрақұрлым бағытында көптеген жұмыстар атқарылды. Былтыр Павлодар вокзалы күрделі жөндеуден өткізілді. Бюджеттің емес, демеушілер есебінен. Биыл бұл жұмысты Екібастұз қаласындағы вокзалда жүргізіп жатырмыз. Павлодар облысының әкімшілігімен теміржол қызметі қосылып көптеген істерді қолға алдық. Былтырғы жылы Түркістан бағытына жүретін жаңа пойыздың салтанатты тұсауын кескенбіз. Биыл, міне, Павлодар-Алматы бағыты бойынша осындай жағдай туып отыр. Жаңа теміржол басшылығымен аралап өттік, өте қолайлы, заманауи вагондар екен. Бәріңізді құттықтаймын.
Қазақстанның теміржол қызметі соңғы екі жылда отындық өндірушілерден 300 ден астам вагон сатып алған. Бұл вагондар қазіргі уақытта «Ақтөбе-Атырау», «Қызылорда-Семей», «Павлодар-Түркістан» бағыттарында қатынайды.
ӘНУАР АХМЕТЖАНОВ, «ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ
Енді осы жылдың басында тағы 50 вагон пайда болды. Бұл вагондар «Павлодар-Алматы» бағытында қатынайды. Бұл бағыт толығымен жаңартылды. Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін істелді. Осы жылдың аяғына дейін тағы да жаңа вагондар пайда болады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан теміржолының вагон паркі толығымен жаңартылады.
Жолаушыларға жасалған жағдай теморжол қызметкерлеріне де оңтайлы.
ДІЛДАХМЕТ АЙДАРБЕКОВ, «ПАВЛОДАР-АЛМАТЫ» БАҒЫТЫНДАҒЫ №31/32 ПОЙЫЗ БАСТЫҒЫ
Состав түгелдей жаңартылған. Соңғы технологияға сай. Ішінде жолаушыларға қажет заттар түгел орнатылған. Жол жүру уақытыт 26 сағат 44 минут. Бір уақытта 500 ге дейін жолаушылар тасымалдауға болады
Вагондарды пайдалану қызметі 40 жылға дейін. Осылайша вагондары толық жаңартылған «Павлодар-Алматы» бағыты алғашқы сапарына аттанып та кетті.
Жанасыл Серікбол