Биыл жұмысшы мамандықтар жылы. Қоғамда сом білектің күшімен еңбек етіп жүрген жандарға айрықша назар қойылмақ. Алдағы материалымыз солардың бірі жайлы. Александар Победоносцев облыс орталығындағы үшінші жылу электр орталығында 20 жылдан бері еңбек етеді.
Алты ай қыста пәтеріңізден жылу үзілмей тұрса оған осы алып техниканы ауыздықтаған Александар Победоносовтың да үлесі бар. Жылу тарату орталығында 20 жылдан бері еңбек етеді. Басында тракторшы болған. Қазір көмір таситын алып бульдозерді тізгіндеп жүр.
АЛЕКСАНДР ПОБЕДОНОСОВ, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3 ЖЭО-НЫҢ МАШИНИСТІ
Қазір машина заманауиланды. Сәлде болса жұмыс жеңілдеді. Техника жайлы. Басқару әлдеқайда оңай. Дегенмен жеңіл көлік емес қой. Өзінің қиындықтары бар
Александар бәрі адамның ерік-жігеріне байланысты екендігін айтады. Оңай жұмыс іздеп, жеңіл жолды таңдау табиғатында жоқ. Ғарышты да игеріп жатқан уақытта жердегі техниканы меңгеру қиын болмауы тиіс дейді ол.
АЛЕКСАНДР ПОБЕДОНОСОВ, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3 ЖЭО-НЫҢ МАШИНИСТІ
Бізде әр адамның өзіндік орыны, өзінің міндеті бар. Бұл жерде мен маңыздымен деген түсінік жоқ. Менің міндетім қазандыққа көмір жеткізу. Әрмен қарай тағы өз міндетін атақаратын адамдар бар
Қазір бұндай техникаларды игерген жастар азайып бара жатқандығын айтады. Үйрететін адам да, арнайы оқыту да жоқ дейді. Сондықтан, аға буын мен жастар аарсында тығыз қарым-қатынас керектігін айтады.
Жанасыл Серікбол