Әлеуметтік қорғау саласында жұмыс істейтін психолог, дефектолог, логопед және тәрбиешілер мектептердегі әріптестеріне қарағанда төмен жалақы алады. Парламент сенатында депутат Бибігүл Аққожина осындай мәселе көтеріп, үкіметке сауал жолдады.
Әлеуметтік қорғау саласындағы педагогтар мүгедек балалармен жұмыс істесе де назардан тыс қалып отыр. Себебі, оларға басқа мұғалімдер немесе әлеуметтік қызметкерлер сияқты аттестациядан өту мүмкіндігі қаралмаған. Бұл ақыр соңында жалақының төмен қалпында қалуына әсер етеді, дейді сенатор. Ол әлеуметтік қорғау саласындағы педагогтарға аттестаттау жүйесін енгізуге мүмкіндік беру үшін ережелерді өзгертуді ұсынып отыр.
БИБІГҮЛ АҚҚОЖИНА ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Мысалы, білім беру мекемелерінде педагог-психолог 247 мың теңге алады, ал әлеуметтік қорғау мекемесіндегі әріптесінің жалақысы 187 мың теңгені құрайды. Еңбекақы төлеудегі мұндай алшақтық кәсіби ынта-ықыластың төмендеуіне ықпал етеді және мамандардың біліктілігін арттыру мүмкіндігін шектейді